Заңға және қоғамға қызмет ету жауапты міндет
Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын арттырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалады.
Заң үстемдігін орнатудың кепілі саналатын судьялардың парасат-пайымы, кісілік келбетіне қойылатын талап та жоғары. Өйткені судьяның білім мен кәсіби шеберлігі ғана емес, қоғамда өзін-өзі ұстауына қарап та азаматтырдың сот жүйесіне деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан да судья болуды мақсат еткен азаматтар өзінің тәуліктің 24 сағатында да көпшілік бақылауында жүретінін, кез-келген теріс әрекеті бүкіл сот корпусының беделін төмендетуге ықпал ететінін естен шығармауы тиіс.
Еліміздегі судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.
Судья әдебі-бұл кең ауқымды ұғым, ол бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты әріптес-судьялардан бастап, қарапайым азаматтардың, жұртшылық өкілдерінің тарапынан қызметте және қызметтен тыс уақыттағы, кәсіби қызметтегі қарым-қатынастарына баға беру критерийлеріне негізделетін және судьялар қауымына тиесілігіне байланысты шектеуші сипаттағы ұғым болып табылады. Сонымен қатар, Кодексте судьяның тәртібі, отырысқа қатысушылармен қарым-қатынасы, процесті жүргізу кезіндегі мәдениеті де қамтылған.
Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді. Сондықтан, судьялардың Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-сот саласы қызметкерлерінің мінез-құлқының және өзге де адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, азаматтардың қоғамда сот әділдігін жүзеге асырушы өкілдері туралы оң пікір қалыптастыру.
Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Елбасының өзі «21 ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі- мінсіз және тиімді сот жүйесі». Тәуелсіз және әділ сот-кез келген мемлекттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерінде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулеттілегі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес»,- деп атап өткен болатын. Сондықтан сот жүйесінің дамуымен қатар судьялардың да жүйеге сай болуы қоғам талабы болды десек қателеспейміз.
Қ.Т.Мыханов,
Қармақшы аудандық сотының төрағасы
Қармақшы аудандық сотының төрағасы