» » Судьялар сьезі қарсаңында

Судьялар сьезі қарсаңында


Судьялар съезі мемлекеттің судьялық қауымдастығының басты форумы болып табылатыны көпшілікке мәлім. Судьялар съезі әділ сотты жүзеге асыру, сот шешімдерін орындау, сот жүйесі қызметкерлерінің моральдық – этикалық нормаларды сақтау, оларды әлеуметтік қорғау мәселелеріне талқылау және шешу, сонымен бірге ел билігінің үшінші тармағының қызметімен байланысты басқа сұрақтарды шешу мақсатында өткізіледі.
Судьялардың съезі судьялар қауымдастығында моралдық тазалықты, әдептілікті және жоғары эрудицияны қайта жаңғырту қажеттілігін негізге ала судьялар этикасының Кодексін қабылдауды мақсатты деп таныды.
Съезде алдағы жылдарда судья қауымдастығының және мемлекеттік биліктің сәйкес органдарының күш-жігері сот билігінің беделін және мәртебесін арттыруға, судьялардың шынайы дербестігін қамтамасыз етуде. Сот жұмысы кадрларына принципшілдік, әділдік және адалдық рухында тәрбиелеуге; судьялардың кәсіби өсуін қамтамасыз етуге, олардың әрқайсының Конституцияның және заңдардың талаптарын  мүлтіксіз сақтауға, қызметтік парызын орындауға ықылассыз қарау дәйектерін алдын алуға; «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар беделі туралы» Конституциялық заңның талаптарын орындауға бағытталуы тиіс екендігі шешілген болатын.
Съезд, азаматтардың құқықтары және бостандықтарын, ұйымдардың және мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін тиімді сот қорғауын қамтамасыз ету ісіндегі сөзсіз алға жылжуды атап өте, аталған бағыттардың өзінің қызметіндегі басымды деп санайды.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың судьясы
17 шілде 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930