«Судья әдебі» кодексін жаңғырту - заман талабы
Еліміздегі судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.
Осы негізде 2016 жылы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІІV Съезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделе отырып Судьялар Әдебі кодексі қабылданды.
Аталған кодексте судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілеп, олардың адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойған.
Судья әдебі - бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты судьялардан бастап, қарапайым азаматтармен, түрлі топтармен қызмет бабында және одан тыс уақытта қатынасқа түскендегі өзін-өзі ұстауы мен шектеулері қамтылған. Алайда, азаматтар судьяларға қойылған шектеулерді теріс пиғылда пайдалануға болмайды.
Судья қызметте қабылдаған антын берік ұстай отырып қоғамдық, тұрмыстық жағдайларда өзінің судьялық лауазымына кір келтірмей жүріс-тұрысына мән беруі, оғаш әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру барысында өзге сырттан келетін ықпалдарға, қысымдарға, сот ісіне өзгелердің араласуына жол бермеуі керек, сот ісінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, тараптардың сот отырысында сот мадениетін сақтауға шақыру судьяның міндеті болып табылады. Неліктен аталған әдеп нормалары судьяларға жүктеледі себебі сот беделі, судьяның әдебінің көрінісі, азаматтардың сот билігіне деген сенімі тікелей судьялардың сөйлеген сөздеріне, жасаған әрекеттеріне тікелей байланысты.
Судьялардың әдеп кодексі тек судьялар корпусы ғана емес, тұтастай қоғам үшін маңызды. Бірінші съезде қабылданған Судья әдебі кодексі уақыт өте келе этикалық жүрістұрыс ұстанымдарындағы көптеген бағыттарды қамтымайтынын, сондайақ, нақты шектеулердің болмауы келеңсіздіктердің орын алуына ықпал ететінін көрсетті. Ақпараттар ағынының өсуі, биліктің бір тармағы саналатын сот саласына деген талап пен міндеттің күшеюі жаңа Әдеп кодексін қабылдау ға деген қажеттілікті туындатты. Бұл мәселе «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бойынша Жоғарғы Сотқа жүктелген міндеттемелер арасында да бар. Ұлт жоспарының 19 қадамында судьялардың есеп беру тәртібін күшейтіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасақтау негізгі тапсырманың бірі болған еді. Осылайша қоғамның талаптілегін, халықаралық заңнама қағидаттарын ескере отырып дайындалған жаңа кодекс 2016 жылы судьялардың жетінші съезінде қабылданды. Бұл құжаттың дайындалуына сот корпусымен қатар, қарапайым азаматтар, заңгерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, құзырлы органдар белсене қатысты. Кең көлемде талқылау жасауға жол ашу үшін құжат жобасы Жоғарғы Соттың сайтына орналастырылды. Кодекстің толыққанды жасалғанын растап халықаралық сарапшылар да оң бағасын берген болатын.
Судья әдебінің жаңа кодексіне бүкіл қоғам өкілдері пікір қо- сып, тиісті толықтырулар мен жаңашылдықтар енгізу арқылы тәуелсіз елдің қазіргі сот билігі өкілдерінің келбетіне қойыла- тын талаптарды жаңа сапалық деңгейге көтергені талассыз. Бүгінде көпшілік сүзгісінен өткен бұл кодекс – судьялардың әдептілік айнасы іспеттес.
Жаңа Әдеп кодексі судьялардың жүрістұрысы мен өмірлік ұстанымдарының Банголор қағидаттары негізінде және басқа да халықаралық кәсіби этикалық ережелердің стандарттарына сай жасалған. Мұнда судьялардың біліктілігі мен арождан тазалығына, абыройбеделі мен іскерлігіне, адамгершілік бетбейнесін кір шалдырмай, таза ұстаудың қағидасы айқындалған. Күнделікті қызметінде шиеленістер мен қайшылықтардың ортасында жүретін судьяға тараптарға тең мүмкіндік берумен бірге, кез келген тосын жағдайда өзін мейлінше ұстамды, жинақы ұстап, сауалға сабырмен, ұстамдылықпен жауап беруге дағдылану керек. Әдеп кодексі мұндай жағдайда да әр судьяға бағдар бола алады.
Жаңа кодекс бұрынғыға қарағанда ауқымды. Құжатта судьяның жалпы этикалық ұстанымдары мен кәсіби қызметін атқару кезіндегі қимыләрекетінен бөлек, отбасы мен тұрмыстағы әдеп ұстанымдары жекежеке үш тарауға топтас тырылғанын айта кеткеніміз жөн. Осындай сауатты жасалған кодекс – судьялардың биік моральдық бейнесін қалыптастырып қана қоймай, еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етеді деп сенеміз.
Б.Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотынының судьясы
Байқоңыр қалалық сотынының судьясы