» » Тергеу судьясы – сотқа дейінгі тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз етудің кепілі

Тергеу судьясы – сотқа дейінгі тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз етудің кепілі

Құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыда сотқа дейінгі тергеу кезінде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ететін басты тұлғалардың бірі – тергеу судьясы. Оның қызметі – азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына, тергеу органдарының әрекеттерінің заң шеңберінде жүргізілуіне бақылау жасау.
Тергеу судьясы – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген ерекше құқықтық мәртебеге ие тұлға. Ол қылмыстық процесте тек бейтарап және әділетті шешім қабылдауға міндетті. Тергеу судьясының негізгі міндеті – тергеу барысында адам құқықтарының сақталуын қадағалау, тергеу органдарының процессуалдық әрекеттерін бақылау және заңсыз шешімдердің жолын кесу.
Тергеу судьясы мынадай істерге араласады: - тінту, қамауға алу, мүлікке тыйым салу секілді мәжбүрлеу шараларына санкция беру; - ұстап алынған тұлғалардың құқықтарының бұзылмауын қадағалау; - шағымдар мен өтініштерді қарау; - айыпталушыны немесе күдіктіні қамауда ұстау мерзімін ұзарту не босату туралы шешім қабылдау.
Бұл өкілеттіктер тергеу судьясын тек бақылаушы ғана емес, заң үстемдігін қамтамасыз етуші басты тұлға ретінде сипаттайды. Тергеу барысында прокурор немесе тергеуші тарапынан жіберілуі мүмкін заң бұзушылықтар дәл осы судья арқылы дер кезінде анықталып, жолы кесіледі.
Тергеу судьясы – қылмыстық процестегі әділет пен заңдылықтың басты кепілі. Оның бейтараптылығы мен кәсіби біліктілігі азаматтардың құқықтарының сақталуына, сотқа дейінгі тергеудің әділ өтуіне тікелей әсер етеді. Осылайша, тергеу судьясы құқықтық мемлекет негіздерінің мызғымастығына қызмет етеді.
Б.Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы 
23 мамыр 2025 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 797
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031