» » АТА ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

АТА ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

Ел үшін адал қызмет атқарған, өз заманының озығы болған алдыңғы толқын ағалар туралы кейінгі ұрпаққа айтып отыру, олардың жақсы істерін жеткізіп үлгі ету – біздің міндет. Елдің құрметіне бөленіп, өмірден өз орнын дұрыс табу екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді. Тынымсыз еңбек, ізденіс қана алға қойған мақсатқа жетуге негіз бола алады. Осындай мақсатшыл азаматтардың бірі, ауданның дамуына өз үлесін қосып, еңбегінің жемісін көріп, бүгінде елдің ардақтысына айналған Шахизада Ашабайұлы.
Ағамызды елдің ардақтысы деуге толық негіз бар. Кезінде ауданның толық электр жарығымен қамтамасыз етуіне бірден-бір үлес қосқан білікті маман. Аудан тұрғындары аузында Шәкіман атанып кеткен ағамыздың балалық шағы Ұлы Отан соғысымен қатар келген. Ел соғыс зардабын тартып жатқанда ауылда егіс басында масақ теріп, мал бағу, отын жинау секілді жұмыстарды басынан өткеріп, еңбекке ерте араласады.
Ол уақытта берілген тапсырманы бұлжытпай орындау баршаға артылған міндет болса керек. Шахизада Ашабайұлы жұмыстың түрін талғамай монтер, станса кезекшісі, слесарь, одан басқа мекеменің қандай жұмысы бар соның барлығын істеген. Еңбегіне орай 1979 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген энергетик» деген атағын алған. Ал 2000 жылы аудан әкімінің «Ғасыр энергетигі», «Ардагер энергетик» төсбелгісіне ие болған. ҚР-ның республикалық дәрежедегі дербес зейнеткері болған.
Осылайша аудан экономикасының дамуына ұзақ жыл үлес қосқан Шәкіман ағамыздың еңбегі елеусіз қалмады. Күні бүгінге дейін облыс, аудан басшыларының алғысына бөленуде. Ал ағаның ақ батасын алған перзенттері мен шәкірттері өз ісінің майталманы ретінде еңбектің көркін қыздыруда.
Жұбайы Разия ана – 3 ұлдан 10 немере 22 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Қазіргі Шәкіман атаның еңбек жолын жалғастырған немерелері Ғасыржан Ғалымжанұлы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата гуманитарлық Мемлекеттік университетін инженер-энергетик мамандығы бойынша аяқтап, Ақтау қаласында Ново-мет мекемесінде инженер-электрик болып жұмыс жасауда. Амина Шахизадаева Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетін үздік дипломмен электро-энергетика мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесінде ата жолын жалғастырып қызмет жасауда.
Иә, ата жолын жалғап, адал еңбекпен жетістік төрінен көрініп жүрген жастар бүгінгі замандастарына үлгі болары анық. Себебі бүгінгі дамыған қоғамды энергетикасыз елестету мүмкін емес.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
03 маусым 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30