» » » Алғыспен көктеген ардагер

Алғыспен көктеген ардагер

Ауданымызда елдің өркендеуіне өз үлесін қосып, саналы ғұмырында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарымыз баршылық. Елбасымыз «Туған жердің әрбір сыйы мен қырқасы тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жердің атауының төркіні туралы талай аңыз бен әңгімелер бар. Әр өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген болатын. Әңгімеге арқау еткелі отырған азамат өз ісінің білікті маманы атанып, туған жердің сүйікті перзенті ретінде көпшіліктің алғысына бөленген ардагер Мәскеубек Әлмұратұлы жайында болмақ.
Ағамыз 1941 жылы 15 қыркүйек­те Мәскеу қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлмұрат өз заманында Түркісіб теміржолын салуға атсалысқан еңбек адамы болса керек. Сонымен қатар киім тігу, ат әбзелдерін жасап, темірден түйін түйіп, ағаштан түрлі қолөнер бұйымдарын жасаған сегіз қырлы бір сырлы ісмер кісі болыпты.
Мәскеубек Әлмұратұлының ба­лалық шағы ел басына төнген нәубет кезең – Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген. Балалық шағы жетілген жасөспірімдер секілді тынымсыз еңбекпен өтеді. Ол кезде еңкейген қарттан еңбектеген сәбиге дейін "Бәрі де Отан үшін, Жеңіс үшін" деген ұранмен тылда тынымсыз тіршілік қамын бастан кешірген болатын. Сол секілді ағамыз өз қатарластары сияқты еңбектің дәмін ерте татып, өмірде жігері от, намысы өр болып ержетеді.
Кейіпкеріміздің мамандық таң­дауында да өзіндік сыр бар. Анасының дертін көзбен көрген жас жігіт өскенде дәрігер болсам, науқас жандардың дертіне шипа, еміне дауа тапсам деген сеніммен денсаулық сақтау саласына қадам жасайды. Осылайша алдына қойған арман мақсатына жетіп, көпшіліктің құрметіне бөленеді.
1960-1966 жылдары Алматы қаласындағы медициналық институттың педиатрия факуль­тетінде білім алып, білікті сала маманы атанады. Қолына дипломын алысымен тер төге жүріп, аянбай еңбек етеді. Көптеген балалардың аурудан айығуына сеп болып, қырық жыл абыройлы қызмет атқарады. Минск, Харьков, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында өткізілген семинар-кеңестерге қатысып, біліктілігін арттырады.
Кейін Зулфира Иниятовамен шаңырақ көтеріп, перзент тәрбиелейді. Үлкен қызы Назерке – ағылшын тілінің маманы. Ал Арайлымы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейін "Алтын белгімен" бітіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия университетінің студенті атанды. "Жігітке жеті өнерде аз" демекші Мәскеубек ағамыз өлең жазуды да жастайынан жанына серік етіп келеді. Оның "Күрең күз", "Жарық дүние" атты кітаптары оқырманға жол тартып, бағасын алды.
– Кім болсаң да, қайда жүрсең де туған елің мен жеріңнің дамуына теңіздің тамшысындай болсын үлес қоса білсең сенің нағыз азамат болғаның. Адам еңбекті мадақталу, біреуден жақсы сөз есту үшін жасамау керек. Шынайы көңілмен, жан-жүрегімен жасау абзал. Сенің қандай адам болғаныңды уақыт көрсетеді. Әрбір істі өзінің кәсіби маманы атқарса, сонда ғана жақсы нәтиже шығады. Менің өмірдегі бас­ты ұстанымым – еңбек, білім, өнер. Еліміздің Тәуелсіз ел атанып, өз алдына қарышты қадамдар жасап, дербес мемлекет болғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – халқымыздың ынтымақ, бірлігінің арқасы. Жаратқан осы байлығымызды ұзағынан сүйіндірсін, – деді ел ағасы.
Бүгінде сексеннің сеңгі­рінен асқан ағамыз рухани құндылық­тарымызды дәріптеп, жаңғыру, жаһан­дану жолында сүбелі үлес қосып келеді. Білікті маман одан әрі ел ағасы, ардақты ақсақал болуы осы еңбегінің көрінісі деуге болады.

Ерсін ӘЛІБАЙ

26 ақпан 2022 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930