» » Жақсыда жаттық жоқ

Жақсыда жаттық жоқ


Бүгінгі жастар бейбіт заманның бақытты ұрпақтары. Егеменді еліміз қалай деп айтсақ та жыл сайын өркениеті өскен, экономикасы қарыштап дамыған әлемге әйгілі алпауыт мемлекеттердің қатарынан көрінуге жұдырықтай жұмыла бірлесіп, «жұмыссыздық» деген мәселені түбегейлі жою үшін әрекет жасап келеді. Бұл бүгінгі күннің жанталасы. Ал кешегі өткен күндердің жанталасы ше?
Ол қаншама жанның жанарына жас, жүрегіне қорқыныш, кеудесіне намыс, бойына күш-қайрат бітірген, қайтпас қайсарлықты қалыптастырған Отанына, туған жеріне, бала-шағасы мен ата-анасының амандығы үшін күрескен зұлмат жылдардың жанталасы еді. Отан үшін жалыны күшті отпен, толассыз атқылаған оқтың ортасында, арасында, өлім мен өмір айқасқан қиын-қыстау кезеңді басынан өткізген әкелер, аталар, ағалар ерлігі біздің жадымызда сақталады. Оларға деген үлкен патриотизм ешқашан құнын жоймақ емес.
Жалпы дүние есігін ашып, етек-жеңін жинап, ер жетіп өздерінің өсіп-өнген ортасында өздері туып-өскен елді мекенінің әл-ауқатын арттыруға енді ғана араласа бастағанда жалпақ тілмен айтқанда «маңдайына жазылған», «пешенесіне берілген» барлық қиындықтарды өз мойындарына алмасқа амалы болмады. Сол кездің жастары, боздақтары ел басына күн туып, етігімен су кешіп, елін, жерін қорғаған ерлерді қандай бір жағдайларда да еске алу  осы қоғамда өмір сүріп жатқан ұрпақтардың төл міндеті болуға тиіс. Олардың әрқайсысының соғыстан аман-есен келіп, ұрпақ өрбітіп, өмір сүріп тұрған үйлеріне арнаулы алтын әріппен жазылған белгілер орнатса да артық етпейді. Мен әңгімеге арқау етіп отырған жоғарыда айтқан сөздерімнің түйіні осы шағын естелік әңгіменің кейіпкері – Жәлел Мададов ағамыз болмақ.
Ұлы Отан соғысының ардагері Жәлел Мададов 1921 жылы 15 қарашада Грузин жері, Адыгей ауданының Хевешин ауылында кедей шаруа отбасында өмірге келген. Енді ғана ата-анасына қолғабыс беріп, көмек жасай бастағанда 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, Отан қорғау жолына кете барады.
Сынаптай сырғып, қолға ұстат­пай­тын, уақыттың билігіне бағынбайтын жан бола қоймас, сірә. Бүгінгі аяғын апыл-тапыл басқан балақай ертең атпал азамат, бүгінгі жас – ертеңгі қария. Сол сынаптай сырғыған сағым жылдар санатындағы азды-көпті ғұмырда елдің есінде қаларлықтай азаматтығы, мәрттігі, жомарттығы, бір сөзді адамилығын ел-халық ерекше құрметтейтін ағалардың бірегейі осы Жәлел ағамыз еді. Жаратылысынан өте қарапайым, өз ісін жетік білетін ешкімнің ала жібін аттамайтын нағыз шаруаның адамы, көңілі бай, мадақты, мақтаншақтықты сүймейтін, қандай бір уақыттарда да бірқалыптылығын сақтап өзгермейтін де осы Жәлел ағамыз болғанын мен мақтаныш сезіммен есіме аламын. Жәлел ағаның Ұлы Отан соғысынан келгеннен кейінгі бүкіл саналы өмірі ІІІ Интернационал ауылында өтті. Осы ауылдың экономикасының,  әлеуметтік жағдайының жақсаруына өзіндік үлесін қосты. Қандайда бір ауыл, елді мекен болмасын, қандайда бір еңбек ұжымы болмасын олардың құрмет тұтып сыйлайтын кісілері болады. Ондай жандар менмұндалап төсін ұрып, мені неге көрмейсіңдер деп у-шу көтермейді. «Жақсының өзінен бұрын аты жетеді» дегендей, Жәлел ағамыз өзіне тапсырылған жұмысты адал орындауымен, өз ісін жетік білетіндігімен, өтірік, өсек айтпайтынымен, аз сөйлеп, көп іс тындыратынын, отбасында алтын асықтай жақсы балалар тәрбиелеуімен халық есінде қалған Ұлы Отан соғысының ардагері. Жақсының жақсылығын айтып, өткенге көз жүгірту арқылы жастарға келешектің кемел көкжиегін көрсетіп, келбетін қалыптастыра аламыз.  Жәлел ағамыз өмірінде кейінгі ұрпаққа үлгі болардай үлкен із қалдырды. Ол кісінің бітімі, болмысы бөлек, парасат-пайымы ерекше болатын. Адамға жақсылық жасау екінің бірінің қолынан келе беретін шаруа емес, жақсылар ғана көлеңкесін түсіретін бәйтерек секілді. Солардың бірегейі де Жәлел ағамыз болды. «Адамның адалдығы, қарапайым, кішіпейілділігі оның үлкен адамгершілігін көрсетсе керек. Бүкіл саналы ғұмырын ІІІ Интернационал ауылының өсіп-өніп, өркендеуіне арнаған, өз ісінің білгірі, талапшыл, ізденімпаз, үндемей жүріп-ақ көп нәрсе тындыратын, өзінің мамандығын жанындай сүйетін, құрметтеп, қастерлейтін Жәлел ағамыз ортамызда болмағанымен артында сайраған із қалды. Ол – оның еліне, халқына жасаған адал еңбегі.
Нұртілеу САЛЫҚОВ
27 шілде 2021 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930