» » Рухани серігім

Рухани серігім


Газет һәм оқырман. Бірі – жарғақ құлағы жастыққа тимей, иіліп халыққа қызмет етсе, екіншісі – соның қызметін алушы. Қоғамда болып жатқан сан түрлі құбылыс, елдің саяси, экономикалық бағыты. Айналадағы күнделікті өзгерістер. Еңбек ұжымдарындағы орайлы істер. Ұлттар арасындағы достық. Әрбір саладағы жетістіктер... Бәрі де осы баспасөз әлемінен табылатын құндылықтар. Тіпті әңгіме, эссе, поэзия жанрындағы материалдар да осы рухани ортадан табылады.
Осындай баға жетпес байлықты төріне шығарып, асыға күтетін оқырмандарымыз аз емес. Сондай жанашырымыздың бірі – ардагер-дәрігер Мәскеубек Ерболатов.
Сексеннің сеңгіріне шыққан медицина саласының майталманы ауданның бас басылымын 1973 жылдан бері тұрақты жаздырып оқиды. Ол – «Күрең күз», «Жарық дүние» атты жыр жинақтарының авторы. Ойы ширақ, кимылы шалт ағамыз редакция ұжымымен әркез тығыз байланыста.
– Аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тұрақты оқырманымын. Газет алып келе жатқаныма жарты ғасырға жуықтапты. Рухани досым әрі серігім болған басылымнан алғаным көп болды. Ауданның жаңалығын біліп және оған азамат ретінде үн қосып отыруды өзіме парыз санаймын. Үйде алдымен газетті мен оқимын, содан соң отбасы мүшелері тегіс оқып шығады.
Өлең жазатын болған соң басылымның «Поэзия», «Сыр елі – жыр елі» айдарларымен берілетін жергілікті ақындардың өлеңдеріне міндетті түрде көз жүгіртемін. «Рухани жаңғыру» бағытындағы мақалаларды тұшынып оқимын. Соңғы бірнеше айда журналистер сараптамалық материалдар бере бастады. Бұл – өте жақсы бастама. Жалпы ауданға қатысты не керектінің бәрін осыннан табасың. Жасым сексенге келді, қартайдым деп бос отырғаным жоқ. Баспаның аты айтып тұрғандай, әрбір таңым «Қармақшы таңымен» бірге атып келеді. Өңір тұрғындарының да ауданның айнасы болған бас басылымға жазылуларына тілектеспін, – дейді медицина саласының ардагері М.Әлмұратұлы.
С.АҚКІСІ
Қ.ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
15 маусым 2021 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930