» Ақын туындысы

Ақын туындысы

«Ғұмырын – жаратқанның берген нәсіп,
Жұтылмай жұптасымен бірге кешіп.
Өмір атты өзеннің толқынымен
Дес бермей ағысымен жүрмін есіп...».
Бұл бұған дейін оқырманнан оң бағасын алған «Күрең күз», «Жарық дүние» атты жыр жинағының авторы, ақын Мәскеубек Әлмұратұлының жуырда ғана «Ақмешіт Бас­па үйінен» жарыққа шыққан «Өмір-ай» кітабынан алынған үзінді. Шығарма – жалпы жұртшылыққа арналған. Жыр шумақтарына кешегі қазақ халқының басынан өткен тарихы мен бүгінгі күннің кейбір мәселелері арқау болған. «Аққу – арман», «Жемқорлық», «Әйелді құрметтеген аталарым», «Көктем» өлеңі жыр сүйер жанды тілінің көркемдігімен баураса, «Иірімдегі тағдырлар» атты туындысы тереңнен ой қозғайды. Дәрігердің жанын дәрігерден артық кім түсінуші еді. Ардагер ағамыз ақ желеңді абзал әріптестерін «Жан сақтау бөліміндегі қарбалас сәт» өлеңінде қамтыпты. Сыр өңірі – тұнған шежіре. Ақын кітабында туған жер тарихы «Сыр өңірі» атты өлеңінде кеңінен толғанады. Мәскеубек ағамыздың жыр кітабындағы тұшымды шығарманың бірі – бес бөлімнен тұратын «Ғұмыр ғайып» поэмасы. Иә, қазақ поэзиясына тамшы болып тамған осынау шығарманы қалай болғанда да уақыт тауып, өзіңіз оқып шыққаныңыз абзал, оқырманым.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
---
19 наурыз 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031