» » Мұраптар әулетінің мұрагері еді

Мұраптар әулетінің мұрагері еді

qarmaqshy-tany.kz Сөзіне берік, ісіне мығым осынау келбетті жігітті сыйласқан азаматтары ұмыта қойған жоқ. Жас та болса бас болған жайсаң мінезімен жарқылдап жүрген жалынды жігіттің ғұмыры келте болады-ау деген ой да кімнің басына келіпті ол кезде. Үлкеннің алдында кішілік мінез көрсетіп, кішіден ағалық қамқорлығын аямайтын көпшіл жан еді. Жұбайы Фаридамен тату отбасын құрып он бала тәрбиелеп өсірді. Оларды қалаған мамандығына оқытып, жақсы азаматтардың қатарына қосты. Бір ұжымдағы қызметтес жігіттермен тең құрбыдай сыйласа білді. Жалғанның жарығында болашағынан күткен үміті мол еді...
Қадірлі ағамыз Әділбек Әбдікеров 1967 жылы орта мектепті бітірісімен Қызылорда қаласындағы су шаруашылығының мамандарын даярлайтын техникумға оқуға қабылданып, оны ойдағыдай бітіріп шықты. Ол оқуды бітіріп келген 1972 ген 1972-жылдар аудан жылдар ауданда егіс көлемінің жыл сайын ұлғайтылып, суды тиімді пайдаланудың қажеттілігі біліне бастаған кездері еді.
Қай жерде де су шаруашылығының мамандарына қойылатын талап жоғары. Ауданның белгілі азаматы, су маманы Тұрмағамбет Ідірісовтың аудандағы су шаруашылығы мекемесіне басшылық ету кезінде егін шаруашылықтарында бірнеше су реттегіш, тоспа салынып, су пайдалану тәртібі біршама ретке келіп қалған.
Ауданның су шаруашылығы мекемесіне жаңа келген жас маман Әділбек өзінің істің көзін білетін алғырлығы мен алған білімін өндірісте пайдалана біліп, алғашқы күндерден-ақ жақсы маман бола алатынын көрсетті. Қызметтес ағалары Жұмағали, Мұрат сияқты білікті мамандар мен замандасы Темірбектің су пайдаланатын шаруашылықтармен тікелей жұмыс жасаудағы, оларды мөлшерлі сумен қамтамасыз ету ісіндегі тәжірибесін үйрене отырып, іскерлік қабілетін ұштай түсті.
Мекемедегі жұмыс бөлінісі кезінде бұған ІІІ Интернационал мен Энгельс, Чапаев атындағы кол атындағы колхоздардың су дардың суландыру жүйесін реттеп, егісті сумен уақытылы қамтамасыз етіп отыру жүктелген. Бұл шаруашылықтардың қай лықтардың қай-қайсысы да ауданда озат шаруашылықтар қатарынан көрініп, басшылары да, су мамандары да суландыру жүйесінің қыр-сырын жете меңгерген тіс қаққан мамандар болатын.
Алғашында оңай болмаса да жұмысқа араласа бастағаннан кейін суға байланысты мәселелердегі кейбір түсініспеушілікті басшыларды өзара байланыстыра отырып шешудің әдістерін меңгерді.
Кешегі экономиканы дамытудың нарықтық жағдайындағы өзгерістер тұсында Шымкент қаласындағы Оңтүстік МұнайГаз мекемесіне қарасты Автомобиль жолдары басқармасына бөлім басшысы болып жол салу ісіне араласты. Кейін жол құрылысы біткен кезде осы жолдың бақылаушысы болып қызметтер атқарды.
Қай қызметте болмасын адалдығымен, іске ұқыптылығымен танылған маман әріптестеріне үлгі болып, ұжымдастарының сый-құрметіне бөленіп жүрді.
Әкесі Шайқы Әбдікерұлы да еңбек жолын соғыс жылдарында мұғалім болып бастап, кейін колхозда агроном, аудандық атқару комитетінде экономист қызметтерін атқарған белгілі адам еді. Ал арғы атасы Әбдікер болса су жүйесінің білгірі болып, өңірлерге өлшеммен су жіберген, бақшалық, егістік жерлерге су жеткізуді тиімді ұйымдастыра білген маман екен. Осыған байланысты ол кісіні ел мұрап атаса керек.
Осындай әулеттен тараған ұл-қызды қатарынан қалдырмай өсіріп, азамат еткен Фарида жеңгеміз қазір - балалары мен немерелерінің қызығын көрген бақытты әже. Гүлжаны, Толқыны мен Бақыты бірі – дәрігер, бірі – экономист, тағы сондай мамандықтар бойынша қызмет атқар мет атқарған меке ған мекемелерінде білікті мамандар атанып, ұжымдас ұжымдастарының құр тарының құрметіне бөленуде.
«Орнында бар оңалар» дегендей, марқұмның отбасына, кейінгі ұрпақтарына ауызбірлік, бақытты ғұмыр тілейміз. Бейбіт те берекелі заман болып, ата-баба өсиеті мен әке аманатын алға апара беріңіздер демекпін.
Қанибек СӘДУАҚАС,
халықаралық Қолөнершілер одағының мүшесі

28 қазан 2022 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031