Бүгін Дінмұхамед Қонаев - 108 жасқа толды
Бүгін қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келген күні.

Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы, тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зуһра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зуһра Шәріпқызы "ұлықтың әйелімін" деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде-бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата-енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған. Сондай-ақ Зуһра Шәріпқызы қолынан өнер тамған ісмерлігімен, еңбекқорлығымен де дараланған.
Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтына оқуға жібереді.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастары көтеріліске шықты.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев "Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін" деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды.