» » Еңбек ер атандырады

Еңбек ер атандырады

Адам өмірден үйреніп, жақсы мен жаманның дәмін татып барып, кең арналы жолға түседі. Санаңда сәуле болса, оқып-тоқып алған білімің, халықтың адал да ақпейіл ұл-қызынан көргенің, үйренгенің игілікке айналады. Кездескен кісіңнің жақсы жағын көріп, көңіліңе тоқи алсаң ғана көңіл көкжиегің кеңейеді. Болмысы бөлек, жұмысына жауапты азаматтар ел арасында жетерлік. Солардың ішінде – әр істі жауапкершілікпен қолға алатын жанның бірі – Серік Сапақов.


Ақжарқын қалпынан, ағалық жолынан айнымайтын кейіпкерімізден үйренеріміз мол. Атқарған ісіне адалдығы мен терең ойлап, оң шешім шығаратын Серік Тұрмағамбетұлы Ақжар ауылында дүниеге келген. Ол 1973 жылы сондағы мектептің табалдырығын аттайды. 1977 жылдан бастап Жаңажол ауылына қоныс аударғандықтан, №107 мектепті тәмамдайды. Мектепті бітіре сала колхозға жұмысқа қабылданып, 2 бригадаға тракторшы болып жіберіледі. 1984-1986 жылдары Кеңес әскеріне қабылданып, азаматтық борышын өтейді. Одан кейін де №7 өндіріс бригадасында жұмысын жалғастыра береді. Өз ісіне жауапты, тапсырылған істі тиянақты орындайтын ол 1988-1989 жылдары ауылдық бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, 1989 жылдан 2019 жылға дейін ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2020 жылдан бастап «Жаңажол» ЖШС-де ұйымдастырушыпрограммист болып қызмет атқарып келеді. Қай уақытта да жұмысын алдыңғы орынға қоятын оның еңбегі елеусіз қалған емес. Елге қызмет еткен осынау жылдарда бірнеше рет ауыл, аудан, облыс әкімдерінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2003 жылы «Жылдың үздiк мәдениет кызметкерi» атанса, 2005 жылы республикалық додада «Мәдениетті ауыл» номинациясын жеңіп алған. Мәдениет үйінде қызмет еткен уақытында халықаралық байқауларда жүлдегер, республикалық сайыстарға жеңімпаздар дайындағаны үшін облыстық мәдениет басқармасының алғысын алған. 2017 жылы салалық мәдениет, спорт және ақпарат кызметкерлерiнiң кәсiптiк одағының «Еңбек даңқы» төсбелгiсi және «Халық мақтанышы» орденімен марапатталған. Өзінің жұмысымен қоса қоғамдық істерді де қалт жібермейтін ол 1989-2000 жылдар аралығында учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы болса, 2000 жылдан 2017 жылға дейін сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. Сонымен қатар, мәдениет саласының үздігі Сұлтан Сармолдинге арналған «Сырдың сырбаз Сұлтаны» атты кітапты жинақтаушы редактор. Жұмыста абыройлы ағамыз, отбасында да өнегелі әке, ардақты ата. Жары Гүлбанумен бірге 3 ұл, 1 қыз өсіріп құтты орнына қондыруда. Қызы Құралай жаңақорғандық азаматқа тұрмысқа шығып, сондағы ХҚКО-да қызмет етуде. Мұхтар мен Тоқтар есімді ұлдары үй болып, немере сүйгізіп, ата бақытын еселеу де. Ал кенжесі Саттар ауданда жас тар тәжірибесімен жұмыс істейді.

– Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әрбір азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру – әрбіріміздің парызымыз. «Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» дегендей, бала біздің айтқанымызды емес, көргенін жасайды. Сондықтан да, барлық жағынан перзенттерімізге өзіміз үлгі болуымыз керек. Ата-ана тәрбиелі болса, баламыз адамдық ары биік азамат болады. Үлкенді сыйлайтын ұлттың ұрпағы болғандықтан, бүгінде өзіміз де үлкендіктің үлгісін көрсетуге тырысып жүрміз, – дейді ол.

«Ер жігітті ер үстінде таны» дейді дана халқымыз. Серік Тұрмағамбетұлы қандай ортада жүрсе де, қарапайым қалпынан айнымай, еліне деген міндеті мен парызына адалдық танытып келеді.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

27 қазан 2021 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 010

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031