Төретамдағы Электр тарату торабына жаңа басшы тағайындалды
Төретам кентінің Электр тарату торабының басшысы болып Ниязов Жандос Сұлтанмұратұлы тағайындалды.
Жандос Сұлтанмұратұлы1964 жылы 14 ақпан айында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Білімі– жоғары. Мамандығы – инженер-электромеханик, экономист.
1981-1986 жылы Алматы Энергетикалық институтына түсіп, «инженер-электромеханик» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1986 жылдың 21 тамызында Шымкент троллейбус басқармасында цех шебері болып бастаған.
1986-1988 жылдары Хабаровск өлкесінде Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Қармақшы электрлендіру жүйесінде шебер, Алматы ТӘЦ-2 кәсіпорнында электромонтер, 1990-1996 жылдары ҚЭТТК АҚ-ң Қармақшы аудандық электр торабында электрлендіру жүйесінде электромонтер, шебер, инженер қызметтерін атқарған. 1997ж.-1998ж. аралығында Байқоңыр қаласындағы «Байқоңырсвет» мекемесінде мастер.
1998ж.-2009ж. аралығында «ҚЭТТК» АҚ-ң Қармақшы аудандық электр торабының бастығы.
2004ж.-2007ж. аралығында Облыстық маслихат депутаты.
2009ж.-2011ж. аралығында Қызылорда қалалық электр торабының бастығы. 2011ж.-2014ж. аралығында ҚЭТТК АҚ-ң Бас инженердің орынбасары, Бас инженер, Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметтерінде.
2014ж.-2016ж. аралығында «Өндіріс» ЕЖШС-ң директоры.
2016 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласында Қалалық Электр тораптары басқармасының директоры қызметін атқарып келді.