» » » Отбасы — сыйластық мекені

Отбасы — сыйластық мекені

Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген даналық сөз бар. Отбасын құрайтын үш таған – әке, ана, бала екені бәрімізге белгілі.  Ата-ананың басқа да отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлап құрметтеуі – бұл үлкен мектеп, яғни өмір мектебі. Балаларына ізгілік нәрін сеуіп, ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды нығайтуда шаңырақтары шаттыққа толы, жарасымды отбасы болып, көпшілікке үлгі болып жүрген – менің қайын ағам мен абысынымды мақтан тұтамын.
Жамбыл облысының Бірлік стансасында 1950 жылы дүниеге келген Бірлікбек Қойбағаров 1958 жылы ауылға көшіп келгеннен бері ауылдың өсіп-өркендеуіне бір кісідей үлес қосты. 1969-1971 жылдар арасында әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын да абыроймен атқарды. Ауылдағы егіншілік, механизаторлық жұмыстарды тез игеріп алған ол еңбекқорлығымен көзге түсіп, озаттар қатарынан көрінді. Әсіресе 1983, 1985 жылдар әлі күнге дейін есінде жақсы естелік болып сақталып қалған. Бұл жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің күміс, қола медальдарымен марапатталды. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек сүйгіштігімен көзге түскен ағамды кеңшар басшылығы зор сенім білдіріп, басшылық қызметтерге тағайындады. 1986 жылы көмекші бригадирліктен орталық шеберхананың меңгерушілігі қызметін атқару барысында да халықпен бірлесе жұмыс істеп, өзінің біліктілігін танытты. «Ақжар»  шаруашылығының бас инженері қызметін де абыроймен атқарған ағамыз «Еңбек ардагері» құрметімен зейнеткерлікке шықты.
Құрылыс саласында еңбек еткен абысыным Сапура Шайкенова екеуі 5 бала тәрбиелеп, бүгінде – 23 немере сүйген бақытты ата-әже. Ағамыз бірнеше жылдан бері ауылдағы ардагерлер кеңесінің мүшесі болып қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Сонымен бірге рулық қатынастарға байланысты құрылған ру басыларында ұлағатты азамат, өнегелі ақсақал. Осы әулеттің отыз алты жылдан бері келіні болып келе жатқан маған да, ауылдағы басқа да жас отбасыларға бұл кісілердің айтқан ақыл-кеңесі, көмегі отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығының бастауы – өнегелі тәрбие екенін ұқтырғандай. Айрандай ұйыған тату-тәтті, еңбекпен есейген, бүгінде құрметті демалыста бақытты ғұмыр кешіп отырған ағамыз мен апамыздың кішкентай мемлекет отбасыдан бұл күнде шалқыған үлкен шаңыраққа айналып, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге татып, қол ұстасып бақытты ғұмыр кешкендеріне  – 50 жыл толып отыр. Түн ұйқысын төрт бөліп бағып-қаққан, қалаған мамандықтарының иесі болып, кірпіш болып қаланған ұл-қыздары, туған-туыс,  бауырлары Алтын той иелеріне жүрекжарды ақ тілектерін арнап, ән-жырдан шашу шашқаны  – берекесі мол бақытты ошақтың мекені сыйластық екенін баршамызға паш етті. Өйткені отбасы – сыйластық мекені.                              
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
әйелдер кеңесінің төрайымы,
ардагерлер кеңесінің мүшесі
Ақжар ауылы
24 маусым 2022 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031