» » ЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Тарих қатпарына үңілсек, ел үшін ерлік жасаған нағыз ерлердің бейнесі көпақ. Ел қорғау жолында құрбан болып кетуі мүмкін екенін біле тұра «елімді қорғаймын» деген азаматтар біздің жерімізде де бар. Осындай жанның бірі – Нұртай Жайсанов.
Ол 1898 жылы бұрынғы №9, Көктөбе ауылдық кеңесінде, «Көктөбе» колхозында туған. Бастауыш білімді игерген. Жастайынан егіс бригадирі болған. 1942 жылы Қармақшы АӘК арқылы майданға аттанып, 80 АД, 77 АП құрамында атқыш ретінде соғысқа қатысқан. 1943 жылғы 1-18 қаңтар аралығында генерал-полковник Говоров басқарған Ленинград майданы, армия генералы Мерецков басқарған Волхов майданы жауынгерлерінің бірі ретінде Ленинград қоршауын бұзу мақсатында жүргізген «Искра» операциясына қатысып, Синявино қыстағын жаудан азат етуде ерекше көзге түскен. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, патша әскерлері қатарында Стамбул қаласына дейінгі жорыққа қатысқан Нұртай Жайсанов Ұлы Отан соғысында да ерекше танылған. Ленинградты қорғау шайқасында 1943 жылғы ақпанда қаза тауып, әуелі Тортолов деревнясындағы №312 зиратта жерленген. Кейін Синявино қыстағындағы Бауырластар зиратына Кеңес Одағының батыры Павел Гончаровпен қатар жерленген. Боздақтың ұрпақтары 1993 жылы оған гүл шоқтарын қойып қайтқан.
Жерлес майдангер ерлікпен қаза тапқаннан кейін «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған. Ел үшін ерлік көрсетіп, қан майданда өмірмен қоштасқан боздақтың атына ауданда көше атауы берілген. Бұл батырды құрметтеу, оның есімін келер ұрпақ жадында сақтауына сеп болмақ. Ерлер есімі мәңгі ұмытылмайды.
«ҚТ» ақпарат
25 мамыр 2025 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 417

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031