» » МАЙДАН ДАЛАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

МАЙДАН ДАЛАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Отан қорғау жолында от пен оқтың ортасында жүріп, ел мен жерді азат ету үшін жаумен күрескен әкем жайлы және өмірлік серігі болған анам жайлы жазуды жөн көрдім. Асқар тау әке мен анаға деген құрмет, сағыныш қолыма қалам алғызды.
Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген азамат ел үшін, Отан үшін майданға аттанған болса, соның бірі – менің әкем Кәрібай Дүрманов. Заманның қиын-қыстау кезеңінде 1923 жылы Ленин атындағы ұжшарда дүние есігін ашқан Дүрман баласы Кәрібай әкемнің балалық шағы да оңай болған жоқ. 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысының қасіретін тек сол өмірді көрген жауынгерлер ғана емес, біздер, яғни сол жауынгерлердің ұрпақтары да шынайы сезінетініміз рас.
Ұрпақ ұлағат тұтқан, Жеңіс туының желбірегеніне де биыл 80 жыл толып отыр. Біздің шат-шадыман, бейбіт заманда өмір сүріп отырғанымыз сол жылдарда ерен ерлік көрсеткен қаhарман жандардың арқасы екенін білеміз. Сол азапты өмірді басынан кешірген Кеңес жауынгерлерінің қатарында әкем де болған. Ол – 1942 жылы әскер қатарына алынып, елі мен жері үшін қолына қару алып майдан даласына аттанғандардың бірі. Соғыс жылдарында қатардағы жауынгер ретінде фашистердің соққысына тойтарыс беруге өзіндік үлесін қосты. Кезекті ұрыста қолынан қатты жарақат алып, науқасы ауыр болғандықтан елге оралады.
Әкеміз елге оралған соң білек сыбанып еңбек майданына араласады. Анам Марияшпен отбасын құрып, жеті перзент тәрбиелеп өсірді. Анам да өте еңбекқор жан еді. Соғыс кезінде тылда еңбек етсе, кейін жанұяның қамын ойлап, әкеммен бірдей аянбаған жан.
Әкем ер азамат ретінде ар-намыстың тазалығын абырой ретінде санаған. Соғыстан кейінгі жылдары да еліміздің өркендеуі қиынға соққаны рас. Сол жылдары мал шаруашылығы саласын таңдап, анам екеуі 1984 жылы зейнетке шыққанға дейін осында еңбек етті. Тынымсыз тірліктерінің арқасында еңбекте абыройсыз болған жоқ. Ең алдыңғы қатардағы жеңімпаз болып, бағалы сыйлықтармен марапатталып және кеудесіне бірнеше рет медаль тағынды. Олардың еңбек үлгісін, өнегелі өмірін біз мақтанышпен еске аламыз.
Қанымша КӘРІБАЙҚЫЗЫ,
қызы
14 мамыр 2025 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 798
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031