» » Кемпірімнің көзі

Кемпірімнің көзі

Жалпы әйел затының жаратылысы бөлек. Әдемілікті, өзгерісті, жаңа дүниені жақсы көріп тұрады. Осындайда жаңа дүние алсақ, ескінің керегі болмай кері ысырылып қалатыны бар. Десе де, ол базбіреулер үшін құндырақ екенін елей бермейміз ғой.
Осыдан біраз уақыт бұрын ауылдағы әке-шешемнің үйіне барғанмын. Бір суретті іздеп бүкіл сөрелердің бәрін ақтарып шықтым. Сондайда ата-анамның жиған заттарының біразын «кәдесіз» деп ойлап, анама кейіп «осының бәрін пайдаланып жатқан жоқсыз, тастамайсыз ба?» деп сөйлеп едім. «Көзім кеткен соң мынаның бәрі қалады екен ғой» деп көзіндегі жасты бір сығып алды.
Біздің жастығымыз ба екен, әлде өзіме ыстық болмаған сол заттың өзгеге де ыстық болмайтындай көрдім бе білмеймін. Ескі-құсқы дегеннің бәрін тастап, өртеп жібергім-ақ келді. Бірақ анамның жанарына үйірілген жастан-ақ қимастығы, құндылығы көрініп тұр. Мұнан соң тағы да үндемей, өзінің қалауына салдым. Бір қызығы, өзім кеткен соң үйдегі суреттерімнің біразы жыртылып, балалар бояп тастапты. «Өзіме керек» деп мен де бір дорбаға қажетімді салып алып кеттім. Болмаса ол да бір жаққа зытырылып кететін түрі бар.
Иә, әр үйде «қажет болып қалады» дейтін бір бөлмеде үюлі заттар тұрады. Былай қарасаңыз, кәдеге аспайтын қарабақыр ғана дүние. Әйтеуір керек деп жинала береді. Керегі болмас деп тастай қойсаңыз, сол күні пайдаға жарайтын болып қалады.
«Артық зат энергия алады» деп психологиядан оқып алғанымыз бар. Соған сай жиі қолданбайтын заттарды тастап жіберуге дайын тұрамыз. Бірақ кейбір дүниенің «көзімнің қарашығы» деп қарайтынын білмейміз-ау... Бұл оқиға осыдан он бес жыл бұрын болған екен. Келін болып түскен Айгүлдің енесі өмірден ерте өтіп кетеді. Үй шаруасына қоса қабаттап араласатын жан болмаған соң үйдегі көңілі қаламаған кей дүниені керексіз деп «көзін құртқысы» келеді. Соның бірі – қабырғада ілулі тұрған кілем еді. Пысықтығы ұстап үй жинап жүрген ол әлгі кілемді сарайға тастап, кейін өртеп жібереді. Қонақтан келген атасы төрдегі тұрған кілемнің жоқтығын көріп біраз қапаланып қалады. Еңсесі түскен атасының жанына барған Айгүл:
– Атау, не жағдай болды? Неге көңіліңіз абыржулы? – дейді.
– Төрде тұрған сұр кілем кемпірімнің көзі еді. Екеуміз шаңырақ көтергенде жақындарымыз енді бөлек отау болдыңдар деп соны сыйға тартқан еді. Отбасылық өмірдің куәсі болған, кемпірімнің көзін құртыпсың ғой, қарағым, – дейді атасы.
Екі беті қызарақтай қалған келін көпке дейін ұялып, енді бұл ісін қайталамауға бекінген екен.
Расында біз кейде үлкендердің ойымен санаспай, «өзім білеміндікке» салынып кететініміз бар. Десе де, олардың ойы жақсылыққа жетелейтінін білмей жататынымыз өкінішті.
А.АХМЕТ
16 сәуір 2025 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930