» » » Нан қиқымын шашпаңдар!

Нан қиқымын шашпаңдар!

«Ас атасы-нан» деген тәмсіл бар қазақта. Нан қиқымын теріп жесең, бай боласың дегенді де ата-әжелерімізден естіп жатамыз. Ас, су жоқ кезеңде де бір уыс нанның өзі адам бойына кәдуілгідей күш-қуат сыйлайды.«Кулинария» деген жазуға көзім түсті. Сабақтан шыққан бойым. Ептеп жүрек жалғап алмақшы болып, есік жақты беттеп келемін. Өзім қалағандай бір шынаяқ шәй мен бәлішке сатушы апайларға тапсырып беріп, бос орынға жайғастым. Үстел үстінде шашылып жатқан нанның қиқымы. Оған қоса менің алдымда кеп , тамақтанып, тұрып кеткен бір топ қыздардың жартысын жеп, жартысын жемей, қалдырып кеткен нанына көзім түсті. «Обалдақ-ай! Мынасы несі? Ата-анасы үйретпеген бе?» деп қоямын ішімнен. Асханада тазалықшы боп жұмыс жасайтын «апайлардың» үстел үстін тазалап, қиқымның бәрін жинап алып, лақтырып тастайтынын мен бүгін ғана емес, мұнан бөлек күндерде де көріп, біліп жүрмін. Соны біле тұра, қалтамнан бет орамалымды шығардым да, сыпырып сөмкеме салып алдым. Көп күтпей тапсырым да келіп жетті. Даяшы қызбен ұрысысып, бет жыртысқым келмеді. Себебі, ұрсысу, айғайласу- ми тармақтары үшін өте қауіпті дүние.
Үйге келген бетім. Менің келгенімді сезгендей тотықұсым шырылдап сала берді. Қанша күннен бері аурыңқырап тұрған «досыма» сөмкемдегі наның қиқымын беріп едім, құшырлана, құмары қанша жеді. Әп-сәтте жазыла кетті. Шіркін-ай, манағы тазалықшы апайға ескертпей салып алғаным дұрыс болған екен. Нан қадірін ет пен сүйектен жаралған адам баласы түсінбесе де, мына бір құстың түсінгеніне риза болып, екеуміз ойнауға крісіп кеттік.
Нан болмаса, ән де болмайды екен. «Ас атасын» қадірлей білейік!
Гүлжанат БОЛЫСБЕК
01 ақпан 2020 ж. 2 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 389
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930