» » МАЙДАНГЕР

МАЙДАНГЕР

Асыл мұра – өткен күнді айғақтайтын құжаттарды жинақтау, сақтау және жариялау архив қызметінің әрқашанда маңызды шараларының бірі. Өткенімізді білуді, оның анық-қанығына көз жеткізуді тек архив құжаттары ғана айғақтайды.
Маханбетжан Ермаханов 1919 жылдың қыркүйек айында Қармақшы ауданындағы №6 ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анадан жастайынан жетім қалған Махамбетжан жұмыс істеп жүріп, өзінен кейінгі Садық пен Күлпашты асырайды. Інісі мен қарындасын немере ағасы, жырау Молдахмет Дабылұлына аманат етіп, М.Әбілдаұлы 1939 жылдың 19-қыркүйек күні Совет Армиясы қатарына аттанып кетеді. Совет Армиясы қатарында жүріп ол Финляндия соғысына қатысады және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын бастан өткізіп, Беларусь, Калинин, Батыс майдандарында және Украина, Белоруссия, Прибалтика, Москва үшін шайқастарда жауға қарсы жан аянбай шайқасқан.
1941 жылы 22-маусымнан майдангер ІІ Украина мергені, мергендер бөлімінің командирі, танкіге қарсы ататын ПТР-мылтығының бірінші нөмірлі атқышы, барлаушылар тобының жетекшісі болып Харьков қаласы түбіндегі қиянкесті ұрыста, Сталинград майданында, Ленинград блокадасына, Днепр өзенінен өтетін сұрапыл шабуылға қатысып, Курск доғасындағы шешуші шайқасқа белсене араласқан. 1943 жылдың 24 қарашасы күні Кривой-Рок қаласын азат ету ұрысында оң қолынан жарақаттанған, Ұлы Отан соғысында төрт рет ауыр жарақаттанып, талай рет ажал жүзіне бетпе-бет қараған. Майдан даласында жүріп, СОКП қатарына өткен. Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын бастан өткізіп, 1944 жылы шілде айында үшінші топтағы мүгедек болып туған еліне оралады, сол кезде ол небәрі жиырма бес жаста еді.
Елге аман-есен келгеннен кейін ол Ақжар ауылының қызы Гүлжаһан Байсаловамен отбасын құрып, жеті бала тәрбиелеп өсірген. 1945 жылы туып өскен ауылы Аманкелді колхозында Қашқансу байланыс бөлімшесі ашылып, М.Ермаханов соның бастығы болып тағайындалып, 37 жыл бойы абыройлы еңбек етеді. Ауданның экономикасының өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосып, құрметке бөленген жан.
Еңбегі жоғары бағаланып, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20, 30 жылдығы, «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдерімен марапатталған. Маханбетжан Ермаханов 1982 жылдың 13-қыркүйегінде 63 жасында дүниеден озды.
Зауреш МАХАНБЕТЖАНОВА,
аудандық архивтің архивисті, майдангердің немересі
16 сәуір 2025 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930