» » МҮСІН ӨНЕРІНДЕГІ ІЗ

МҮСІН ӨНЕРІНДЕГІ ІЗ

Бейсенбіде ауданымыздағы «Руханият» орталығында Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жастар үні: Хакімжан Наурызбаевтың ізімен» атты Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің шығармашылық көрмесі өтті. Көрме академия қабырғасынан бастау алып, Қазақстанның басқа өңірлерінде де көпшілікке ұсынылуда. Бұл шара мүсін өнеріне өз өмірін арнаған хас шебер Хакімжан Есімханұлының шығармашылығын насихаттау және оның өнердегі мұрасын кейінгі буынға танытуға бағытталды.
Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудан ардагерлері, мәдениет және білім саласының, аудандық Оқушылар үйінің қызметкерлері, мектеп оқушылары және аудан қонақтары өнертану ғылымдарының магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Санат Байсынов, Алматы қаласы «DEKOR A KZ» студиясының директоры Ақберген Шарипұлы, аталған өнер академиясы колледжінің студенттері, мүсінші-суретші Асыл Асаналы және Жүсіп Жетгенбай қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып, ардагер ұстаз Көптілеу Қазақбаева, жергілікті өлкетанушы Шегебай Құндақбаев құттықтау сөз сөйлеп, шараның қонағы Санат Байсынов қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы сөз қозғап, шараның ұйымдастырушылары музей қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Шара барысында Санат Байсыновтың «Өмір жолы: Мүсін өнері және ұрпақтар сабақтастығы» атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, музей және кітапхана қорына табысталды. Бұл еңбекте Хакімжан Наурызбаевтың Қазақстан мүсін өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, оның қазіргі мүсін өнеріне әсері және автордың ұстаздық тәжірибесі баяндалған.
Айта кетейік, Хакімжан Наурызбаев – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік, «Тарлан» сыйлығының иегері, «Парасат» орденімен марапатталған, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры бейнелеу өнерінің алтын қорына енген туындыларды сомдаған. Сонымен қатар ол 300-ден астам туындыны, оның ішінде Алматыдағы Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған жұмыстар сериясын жарыққа шығарған.
«ҚТ» ақпарат
30 наурыз 2025 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930