» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ


Қармақшы ауданының «Руханият» орталығында Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаевтың 100 жылдығына орай «Жастар үні: Хакімжан Наурызбаевтың ізімен» атты Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудан ардагерлері, мәдениет және білім саласының өкілдері, аудандық Оқушылар үйінің қызметкерлері, мектеп оқушылары және қонақтар қатысты. Сондай-ақ, өнертану ғылымдарының магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Байсынов Санат Қожанұлы, Алматы қаласы «DEKOR A KZ» студиясының директоры Абдулин Ақберген Шарипұлы, мүсінші-суретшілер Асаналы Асыл мен Жетгенбай Жүсіп шараның құрметті қонақтары болды.

Көрменің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аталған іс-шараның ұлттық өнерді дәріптеудегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ардагер ұстаз Көптілеу Қазақбаева мен өлкетанушы Шегебай Құндақбаев қазақ мүсін өнерінің дамуындағы Хакімжан Наурызбаевтың рөлін атап өтті.

Көрме аясында Санат Байсыновтың «Өмір жолы: Мүсін өнері және ұрпақтар сабақтастығы» атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, аталған еңбек музей және кітапхана қорына табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар музей залында қойылған көрмені тамашалады.

28 наурыз 2025 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930