» » ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

Жуырда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғынсүргін құрбаны, әдебиет және театр сыншысы, публицист Темірбек Жүргеновті ұлықтау мақсатында «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты танымдық кеш өтті.
Темірбек Жүргеновтің өмір жолымен, қызметімен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу мақсатында өткен ісшараға еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы, «Темірбек Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатов, ауданның бас ұстазы Гүлзира Мәжитқызы және ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, белгілі ақындар Алтай Үсенов, Дастанбек Нәзікбаев пен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысты.
Кеш барысында мектеп оқушылары «Болса ғой министрлер Жүргеновтей», «Ұлт рухының шамшырағы» атты өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Әбдіқадыров сөз кезегін жалғастырып, «Темірбек Жүргенов – тарихи тұлға, ұлт жанашыры» тақырыбында баяндама оқыды.
Жиында Сәпен Аңсатов әр жылдары жарық көрген кітаптарына қолтаңба жазып қалдырды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, кешті қорытындылады.
«ҚТ» ақпарат
04 желтоқсан 2024 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031