» » Жүктелер жауаптылық жоғары

Жүктелер жауаптылық жоғары


       Сот жұмысының тиімділігін арттырып, азаматтардың  құқығымен бостандығын сапалы қорғау мақсатында салаға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар аз емес. Елдегі қауіпсіздік пен әлсіздіктің, заң үстемдігінің өлшемі болғандықтан, сот жүйесін реформалардан тыс қалған кезі жоқ. Президенттің жыл сайынғы жолдауларында да сот саласы ешқашан назардан тыс қалмайды.Биылдан бастап қолданысқа енгізілгелі отырған кассациялық соттар да Мемлекеттік басшысының жүктеген тапсырмасының жемісі.
          Президент Қасым -Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес өкілдерінің ұсыныс тілектерін тыңдап, соның негізінде Жоғарғы Сотқа кассациялық алқаның жұмысын жаңғыртуды жүктеген еді.Осыған орай халықаралық тәжірибелер сарапқа салынып еліміздегі кассациялық алқа жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктерітаразылана келе дербес кассациялық соттар құру туралы шешім қабылданғаны мәлім.
         Үш кассациялық сот Астана қаласында құрылып, биыл 1 шілдеден бастап жұмысына кіріседі.Бүгінде жаңа соттардың жұмысын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін заңнамаларға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Ендігі жерде кассациялық сатыдағы сот ретінде қарамақ.Оның негізгі функциясы сот практикасын зерделеуге,төмен тұрған сот сатыларының заңдылықты сақтауын тексеріп, қадағалауға бағытталған.Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.Бұл реформа сот жүйесінің тиімді жұмыс жасауына, сонымен қатар адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасайды.Кассациялық сотта апелляциялық соттың шешімімен келіспегендер,жергілікті сот шешіміне көңілі толмағандар шағымдана алады. Қазіргі кезде жаңа соттардың белгіленген межеде жұмысын бастап кетуіне қажетті материалдық ,техникалық ресурстар қарастырылуда. Сонымен бірге кассациялық сотқа тек біліктілігі жоғары, кәсіби шеберлігі мойындалған, тәжірибесі мол судьялар іріктелуде.
 Жаңа соттарға үлкен ыждағаттылықпен қараудың мәні бар. Кассациялық сот институтының дамуы ең алдымен еліміздегі сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасызтуге ықпалын тигізеді. Ал соттағы бірізділік халықтың төрелікке деген сенімін нығайтары талассыз. Әрі бұл құқық қорғау құрылымдары мен азаматтардың құқығын тиімді  қорғауға көмектеседі.
          Сондай-ақ, істердің  ақылға қонымды мерзім ішінде қаралатыны, уш судьядан тұратын алқаның талқысына түсетіні де көпшіліктің көңілінен шығары анық.

Айгүл САПАРОВА,
аудандық сотының
Жетекші маманы
18 наурыз 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 512
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31