» » Кассациялық соттың құрылуы және олардың басты қызметі

Кассациялық соттың құрылуы және олардың басты қызметі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2023 жылғы 12 қыркүйекте бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық сатыдағы сот құру мәселесін құқықтық және кәсіпкерлік қауымдастықтармен талқылау қажеттігіне назар аударды. Бұл қадам азаматтар мен бизнестің құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етіп, құқықтық жүйенің дамуына ықпал етіп, заңдылық пен құқықтың үстемдігін нығайтуға көмектеседі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі №109-VIII Заңымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына өзгерістер енгізілген болатын.
Осыған сәйкес, елімізде осы жылы 1 шілдеден бастап Кассациялық соттар құрылатын болады. Кассациялық соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, олардың құқықтарын қорғауға оң ықпал етеді. Сонымен қатар, тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын жақсартып, азаматтардың сот жүйесіне деген жалпы сенімін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстанда құрылып жатқан кассациялық соттар – бұл елдің сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа сот инстанциясы. Кассациялық соттардың негізгі мақсаты – сот жүйесінде әділеттілікті қамтамасыз ету, қателіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу және апелляциялық сот шешімдерін қайта қарау мүмкіндігін ұсыну.
Кассациялық соттардың басты міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру. Олар апелляциялық соттардың шешімдеріне құқықтық баға беріп, олардың заң талаптарына сәйкестігін қадағалайды.  Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетуге және заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанда кассациялық соттарды құрудың негізгі мақсаттары мыналар:
Сот әділдігін қамтамасыз ету.  Кассациялық соттар сот шешімдеріне қосымша тексеру жүргізу арқылы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Бұл инстанция қателіктерді анықтап, әділетсіз шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.
Жоғарғы соттың жүктемесін азайту. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей Жоғарғы сотқа жолданатын болса, жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өз мойнына алып, Жоғарғы сотқа тек ең күрделі және маңызды істерді қарауға мүмкіндік береді.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру. Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді. Кассациялық соттардың құрылуы сот жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және сенімділігін арттырып, Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады.
Жаңадан құрылатын кассациялық соттардың ерекшеліктері: Цифрландыру және инновация. Кассациялық соттардың жұмысында заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылады, бұл құжаттарды электронды түрде қабылдау мен қарау процесін жеңілдетіп, істі қарау уақытын қысқартады.
Кассациялық соттардың құрылуы – Қазақстанның сот жүйесін одан әрі жетілдіру, сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытындағы маңызды қадам. Сот жүйесіндегі барлық оң өзгерістер ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Ж.Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының
әкімшісінің басшысы

17 ақпан 2025 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728