ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖҰРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАРЫ АНЫҚ
Сот саласын реформалау бір күннің шаруасы емес. Мемлекеттегі заң мен тәртіптің, құқық үстемдігінің кепілі болған бұл саланы жаңғырту – қоғам қажеттілігі. Кассациялық соттардың қолданысқа енгізілуі – сол жаңа реформалардың нәтижесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Респубикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғаны белгілі. Осы заң Қазақстанда дербес үш кассациялық соттың құрылуына негіз қалады. Мұндай жаңашылдық еліміздің сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін қолға алынып отыр. Кассациялық соттарды құрудың маңызы зор. Мұндай бас тама ең алдымен сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, бұл құқықтық дауларды шешуде әділдік пен бейтараптықты нығайтуға және құқық қорғау органдары мен азаматтардың құқықтарын тиімді қолдануға бағытталған. Кассациялық соттардың жұмысын жолға қою елдегі құқықтық мәдениетті арттырып, заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Жаңа кассациялық соттарды құрудағы тағы бір артықшылық – бұл сот әділдігін қамтамасыз етуде және құқықтық дауларды қарауда қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Кассациялық сот қазылар шығарған шешімдердің заңдылығын тексеруге және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге де ықпал ететінін айта кеткен орынды. Келесі жылдан Астанада жұмысын бастағалы отырған үш кассациялық соттың құзыреті кең. Бұл сот алдыңғы сатыдағы соттардың шешімдерін заңдылық тұрғысынан қайта қарайды. Сонымен бірге, құқықтық дау лар бойынша бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырады. Сондай-ақ соттардың заңды шешім қабылдауына бақылау жасау мүмкіндігі бар. Ашықтық пен бейтараптық, заңдылық пен тең құқықтық қағидаттарына негізделген жаңа реформаның жұрт көңілінен шығары талассыз.
Телжан ӘМІР,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы-сот
отырысының хатшысы