» » ШЫН МҰСЫЛМАН КІМ БОЛАР?

ШЫН МҰСЫЛМАН КІМ БОЛАР?

Рамазан айында күллі мұсылман қауымы ауыз бекітіп, өздерінің түрлі өмірлік ұстаным сүзгілеріне сан қырларын айшықтап, тіршіліктегі құлшыныстарын нығайтады деп ойлаймын.
Жас кезімнен ата-анам да мұсылмандықтың парызын орындауда санамызға сіңірген үлгі-өнегелерін жоққа шығармаймын. Ол кезде Кеңес заманы болса да ораза, намазын өле-өлгенше тастаған жоқ. Құдай жоқ деп оқытқан атеистік заманда да иманды жүрекке сақтаған еді ғой. Құдай жоқ деп жар салып жатса да ата-анамыз оғаш мінез көрсетсек: «астафыралла» деген сөзімен, ал сәл жақсы қылықтарымызға «шүкір, Аллаға тәубе» деп қанағатшылдығымен тыйым салып, Құдайдың бар екенін есімізге жиі салып отыратын.
Құдайдан қорқып тілімізді кәлимаға келтіріп, жан тазалығын сақтадық. Ата-анамыз жоқшылықта да, тоқшылықта да діліне берік болды. Менің ойымша, діл деген адамның жан дүниесінде қалыптасатын адами құндылықтар. Ата-ананы сыйлау, ұрлық істемеу, өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, обал-сауапты білу. Дінге сене отырып ділін, ар-ожданын қалыптастыру. Осының бәрі жүректегі имандылық, ақыл-ой, парасат екенін түсіндік.
Ал қазір ше? Осы құндылықтардан алыстап қалғандаймыз. Қоғамда болып жатқан жайттар діннің пәрмені өзгергенін көрсетеді. Жүректегі иманның әлсіздігінен тура жолдан шығып кетуге айналды. Жас та, кәрі де дінге бет бұрғанымен ісі мен сөзі қабыспайды. Әсіре діншілдік басым. Дін сәнге айналды. Діннің атын жамылған жалған ағымдар өз пиғылдарын тықпалап әлек. Қоғамдағы берекесіздіктер – ажырасу, бала тәрбиесіндегі олқылық, зорлық-зомбылықтың көбі осы діни алауыздықтан ба дерсіз кейде. Қаншама жастары- мыз ақша үшін шетел асып діннің қармағына ілініп, не істемей жатыр? Дін туралы сауатты болған дұрыс, бірақ өз еліне қарсы насихат жүргізіп, жолдан тайдыру, бұрыннан келе жатқан асыл дінімізді құнсыздандыру, бұрмалау екенін біліп өссе жас ұрпағымыз. Өскелең еліміздің тірегі болатын жастарымыз ғылым мен білімге ден қойып, еліміздің көркеюіне, дамуына үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қыздарымыз тақия киген, қара жамылмаған. Әжелеріміз ақ жаулық пен кимешек киген, бүркеніп жүрмеген. Ер-азаматтарымыз қысқа шалбар кимеген. Сақал-мұрт қоюды да өз әдебіне қарай қиюластыра білген.
Мен дін саласының маманы емеспін, мүмкін ойымды дұрыс жеткізе алмай отырған шығармын. Жетпісті желкелеген шақта не дұрыс, не бұрыс екенін саралайтын уақытқа жеткен шығармыз деп өзімді мазалаған жайлармен бөлісіп отырмын. Сонау ата-бабамыздан келе жатқан Ислам дінін қолдаймын. Құдайдың бар екеніне сенемін. Жүректегі иман, тілдегі кәлима, күнделікті оқитын бес уақыт намаз, оразамыз – дінге деген адалдығымыздың белгісі. Қазақы дәстүрімізбен сабақтастыра отырып, атадан балаға мұра екенін айта кеткім келеді.
«Шын мұсылман кім болар,
Айтқан сөзі шын болар.
Ынсап, ұят, ар, намыс,
Төртеуі болса дін болар», – дей келе, жастарымыз діни сауат алмай, оның негізгі түп-тамырын түсінбей, құр еліктеушілік, әсіредіншілдік пен фанатизмнен бойларын аулақ ұстаса екен. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине. Ораза ұстап, намаз оқыған дұрыс. Бірақ оны ұстап, тұтынбаған жандарды имансыз деп те қабылдау әбестік. Шағын жазбамның түйінін «Құдайдың бұйрығынсыз қурай да сынбайды» деген қазақ атамыздың даналық сөзімен аяқтағым келеді.
Сырға АЛДАСҮГІРОВА,
Дүр Оңғар ауылы
09 наурыз 2025 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930