Құрылтай
» » Мемлекет басшысы мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтады

Мемлекет басшысы мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтады



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қымбатты отандастар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.


Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!», – делінген құттықтауда.

24.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 064

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31