» » ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ

ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің Рамазан айы» тақырыбында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Шарға облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің бас имамы Абуов Болатбек қажы Ұласханұлы қатысып жиналған жұртшылыққа рамазан айының басталуымен құттықтап, айлардың сұлтаны саналатын рамазан айына ерекше тоқталып өтті. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов сөз алып, рамазан айындағы ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестігін білдірді. Қазіргі таңда аудан орталығында «Қармақшы Ата» және «Алдашбай Ахун» атында мешіт халыққа қызмет көрсетіп жұмыс жасап келеді. Шара барысында мешіт қызметкерлері имандылыққа және адами құндылықтарды жоғары бағалауға, адамгершілік пен ізгі қасиеттерге жетелейтін тақырыптарда көріністер көрсетті. Сонымен бірге шара аудан өнерпаздарының имандылыққа бағытталған концерттік бағдарламасына ұласты.
15 мамыр 2018 ж. 3 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 937
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930