» » Бір-ақ күн қалды: қасиетті айда ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет

Бір-ақ күн қалды: қасиетті айда ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет


Биыл қасиетті Рамазан айы 6 мамырда басталады
Рамазан айында ораза ұстаған адамға бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі, деп хабарлайды islam.kz.

Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.у.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: "Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді".
Олар:
  • Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;
  • Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
  • Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: "Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды", - дейді;
  • Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;
  • Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: "Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?"- деп сұрағанда, ол (с.а.у.) "Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты", - деген екен.

Рамазан айы қашан басталады?

Мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.

Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.
Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында күнде таң атқаннан бастап күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз.

Пітір садақа мөлшері

Биылғы пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.


05 мамыр 2019 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031