» » Рамазан айында білуге тиіс 5 сөз

Рамазан айында білуге тиіс 5 сөз

Сәуірдің 13-і күні барша мұсылман қауым күткен қасиетті Рамазан айы басталмақ. Осы айда діни атауларды біле жүргеніңіз абзал. Бұл атаулар ата-бабаларымыздан келе жатқандықтан, барлығы қазақша қалыптасып, тілімізге сіңісіп кеткен. 


1.    Рамазан
Бұл сөз – араб тілінен алынған сөз. Бұл ай ислам күнтізбісінде 9-ай. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан (Рамадан) сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.
2.    Ораза
Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту ораза болып саналады. Кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп айтып жатады. Бірақ Рамазан – ай аты, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.
3.    Қадыр түні
Қадыр түні (Ляйлат аль-Қадр) Құранның бірінші аяты Мұхаммед пайғамбарға түскен түн боп саналады. Айдың нақты қай түні екені белгісіз болғанмен, рамазанның соңғы он түнінің бірі болып есептеледі. 
4.    Тарауық
Рамазан айының әр түнінде оқылатын қосымша намазды тарауық деп атайды. Бұл сөзді араб тілінен аударғанда «рахаттану» деген мағына береді. 
5.    Айт мейрамы
Айт мейрамы (арабша: عيد الفطر) рамазан айы аяқталып, келесі айдың басталуын білдіреді.


12 сәуір 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031