» » Қарапайым қызметімен құрметке ие

Қарапайым қызметімен құрметке ие



Жақында Ақтөбе ауылына қарай сапарлап қайттық. Ауылдың тынысымен танысқан соң, балабақшаға қарай бас сұқтық. Мұнда бізді бөбекжай-бақша меңгерушісі Сәулекүл Жабаева қарсы алды. Келген жөнімізді айтып, «Жұмысшы мамандықтар жылына орай» балабақшадағы білікті мамандарды газет бетіне жазбақ ниетімізді жеткіздік. Көп ойланып жатпады «ыстық-суыққа» төзіп жүрген шаруашылық меңгерушісіне қарай жол сілтеді.
Балабақша дегенде бірінші кезекте ондағы балалар мен тәрбиешілер бірінші еске түседі. Десе де ішкі жұмыстарды үйлестіріп отырған шарушалық меңгерушісі бар. Бір қарағанда қарапайым қызмет деп көруіңіз мүмкін. Әйтсе де бұл жұмыста бірінші кезекте жауапкершілік, тиянақтылық пен жан-жақтылық маңызды.Сондай жауапты жұмысты атқарып жүрген жанның бірі – Бақытгүл Ахметова.
Есікті ашқаннан жадырай қарсы алғанкейіпкеріміз байыппен әңгімесін бастады. Ол Қызылорда қаласының тумасы. 1992 жылы өмірлік серігі Жалғасбекке тұрмысқа шығып, Ақтөбе ауылына келін боп түседі. Енесі өмірден ертерек өтіп, 4 қайнысы мен 2 қайынсіңлісін өсіріп, жетілдіріп, аяққа тұрғызады. Сонымен қатар өзінің де ұл-қызы болып, үй шаруасымен отырады. 2005 жылы ауылда бөбекжай-бақша ашылып сонда аспаз болып жұмысқа орналасады.
  • Әр жұмыстың өз қызығымен қоса қиындығы қатар жүреді емес пе?! Алғаш балабақша ашылған сәтте қазіргідей жағдай болған жоқ. Сырттан құдықтан су тартып аламыз. 40 литр флягті жалғыз көтергенмін десем, кейбірі сенбей жатады. Күн жылыда білінбейді. Ал қыстың қытымыр уақытында ол су қатып қалады. Оның бетін ойып, суды қайта тасимыз. Үлкен қазанға балаларға тамақ әзірлейтінмін, – дейді ол.
Аспаздық қызметте 7 жылға жуық еңбек етіп, 2012 жылдан бері шарашылық меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
– Адам өмірден үйреніп, жақсы мен жаманның дәмін татып барып, кең арналы жолға түседі. Санаңда сәуле болса, оқып-тоқып алған білімің, халықтан үйренгенің игілікке айналады. Кездескен кісіңнің жақсы жағын көріп, көңіліңе тоқи алсаң ғана көңіл көкжиегің кеңейеді. Ауызбіршілігі жарасқан ұжымда еңбек етіп жатқаныма қуанамын. Биыл балабақшамыздың ашылғанына 20 жыл толады. Ашылғалы бері осында еңбек етіп келе жатырмын. Қазірде мұнда 3 топ бойынша 70 бала тәрбиеленуде, – дейді кейіпкеріміз.
Адал еңбегінің арқасында көпшіліктің ризашылығына бөленіп жүрген Бақытгүл апамыз өмірлік жары Жалғасбекпен бірге 2 ұл, 1 қыз өсіріп тәрбиелеуде. Назерке есімді қызын құтты орнына қондырса, үлкен ұлы Сұңғаты №109 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал келіні Наргиз Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып еңбек етеді. Кенже ұлы Әділжан 9-сыныпта оқиды.
Қазақтың «Әйел – қырық шырақты» деген сөзінің текке айтылмағанына көз жеткіздік десек те болады. Тірлік пен отбасынан бөлек, әйелдің нәзік болмысына артылған ана, абыройлы жар атауын қатар алып жүрген кейіпкеріміздің жұмысына табыс тілеп біз де кете бардық.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
25 ақпан 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728