» » Еңбекпен есейген ер

Еңбекпен есейген ер

Қолға қойын дәптер, иыққа фотоаппарат асынған күйі тегіс жолда жүйткіп келеміз. Бұл – осыдан бірнеше ай бұрын Дүр Оңғар ауылына жолымыз түскен сәт еді. Ауданнан тілшілер келеді дегенді естіген «Жаңажол» ЖШС-нің ұйымдастырушы-программисті Серік Сапақов есіктен ене жадырай қарсы алды.
Ауыл жаңалығын дәптерімізге түртпекке келген бізді қырманның басына апарды. Онда шаруашылық басшысы Орынбасар Төлеповпен сұқбаттасып, серіктестік атқарған жұмыстар легін тыңдадық. Әңгіме ауаны еркін, жағымды, тәрбиелік мәнге ұйыса кетті.
– Шаруашылықта 40 жылдан аса қызмет еткен еңбеккер болды. Әр жылғы шаруашылық басшыларына, маған серік болып, зейнет демалысына шықты, – деп бастады әңгімесін Орынбасар аға.
– Ауылда еңбекпен есейген, саналы ғұмырын қызметке арнаған жандар көп. Халқымыз ежелден жас ұрпақты аянбай еңбек етуге баулып келеді. Қарапайым халықтан шығып, өзінің табан ақы, маңдай терімен еңбек еткеннің бәрі – жастарға үлгі. Сондай жанның бірі – Бақытбек Бөлегенов. Ол қырық жылдан аса ғұмырын шаруашылыққа арнаған тұлға, – деді серіктестік директоры.
Иә, адам өмірден үйреніп, жақсы мен жаманның дәмін татып барып, кең арналы жолға түседі. Кездескен кісіңнің тек жақсы жағын көріп, көңіліңе тоқи алсаң ғана көңіл көкжиегің кеңейеді. Сондай болмысы бөлек, әр істі жауапкершілікпен қолға алатын жан Бақытбек (Сағат) Бөлегенов 1958 жылы Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1975 жылы мектеп бітіргеннен кейін жүргізуші болып жұмысқа қабылданады. 1976-1978 жылдары әскер қатарында сап түзеп, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келеді. Солай 1978-1980 жылдары бас агрономның жүргізушісі, 1980 жылдан осы уақытқа дейін тек шаруашылық директорына жүргізуші болып 42 жыл үздіксіз жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол шаруашылықты басқарған Кәрімберді Жақанов, Болатбек Сүлейменов, Қылышбек Әбішев ағаларымыздың сенімінен шықса, соңғы төрт жылында Орынбасар Төлеповтың жүргізушісі болды.
Саналы өмірін көлік тізгіндеуге арнап, шаруашылық басшыларына серік болған еңбек адамы қазір зейнеткер. Қызылорда қаласында, отбасының ортасында ұрпақтарының қызығын көріп, ғұмыр кешуде. Иә, қай кезде де қарапайым қалпынан танбаған, еңбекпен есейген ерді ауыл азаматтары да әрдайым аузынан тастамай, құрмет көрсетуден таймаған.
Айнұр ӘЛИ
08 ақпан 2022 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 304

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 401

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930