» » Көл жиегіндегі кәсіп

Көл жиегіндегі кәсіп

Күн кешегідей емес. Нұрын қанша шашқанымен суық жел жан-жақтан төпелейді. Қолға қойын дәптер, иыққа фотоаппарат асынған күйі тегіс жолда жүйткіп келеміз. Әне, анау шеттен Дүр Оңғар ауылының паспорты көзге оттай басылды. Бүгінгі нысан да осы жер.  Ауданнан тілшілер келеді дегенді естіген «Жаңажол» ЖШС директоры есіктен ене жадырай қарсы алды.
Шаруашылық басшысымен сұқбат­тасып, серіктестік атқарған жұмыстар легін тыңдадық. Ауылдан бірнеше метр әріде орналасқан алма бағына апаратынын айтып, жеңіл көлікті оталдырды. Жүріп келеміз. Алма баққа жетпей анадай жерде көк-көмбек көлшік күнмен шағылыса, желмен арпалыса теңселіп жатыр.
– Орынбасар аға, ана-а-а жақта не бар? – дедік бір кереметке қызыға.
– Ол жақта Жаңабай Төребековтің шағын көл мен құс кәсібі бар, – деді Орынбасар Төлепов.
– Барып көрсек бола ма?
– Әрине, қазір апарамыз...
Көлшік жаққа жақындай түстік. Қалың қамыстың айналасы айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында қара-ала боп шақиып үйректер ақырын жүзіп көлбеңдейді. Тамаша көрініс. Күнделікті күйбең тірліктен, тоқтаусыз көз алмайтын компьютер, смартфоннан бір алшақтатып, миды тынықтырып барады. «Несие ала алмадым» деп бастады 69 жастағы ел ағасы әңгіменің тінін тарқата.
– Былтыр «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар Төлеповтен осы көлшікті сұрадым. Шабақтар салайын, айналасын көркейтейін деп. Солай серіктестік иелігіндегі жерді берді. Өз қаражатыммен кәсіпті бастап та кеттім. Бір балықпен шектеліп қалмайын деп жиекке тауықкепе салдық. Ішінде қазір 400 тауық пен 3 үйрек бар. Өз үйімде 30 қаз бар. Соларды әкелгім келіп еді, оған көлде балық өсірген соң болмайды екен. Енді осылай бірте-бірте үйрек санын көбейту қажет. Айтпақшы, тауықтарымнан уызы сап-сары қолдың тамаша жұмыртқасы шығады. Ауылға, одан қалды ауданға жөнелтіп отырамын. Ал мынау көлге биыл 16 мың шабақ салдым. Нәтижесі жаман емес, – деді Жаңабай Төребеков.
Алда әлі жоспары көп екенін қуана жеткізген ол кезігетін қиындықтарын да жасырмады. Мәселен, салған кепесі жаздық көрінеді. Қыстығы несиелі бола алмаған соң салынбай қалған. Біздің «сонда қыстыгүні бұларды не істейсіз?» деген сауалымызға «сойып сататын шығармын, бәлки» деді сәл кідіре сөйлеп. Ал бастапқыда үйректі суға жіберу сәтін еске алғанда езуіне күлкі үйірді.
– Бұл жерге күніне үш рет келіп, тексеріп, азығын беріп тұрамын. Мына үйректі алғаш суға жібергенім тіпті қызық. Басқа жаққа кетіп қалады деген қорқыныш болды. Солай не болса, ол болсын деп көлге ұшырдым. Рахаттанып жүзді де әріге кетіп бара жатыр. Апыл-ғұпыл катамаранға отырып әлгіні қудым. Ұстатпай жағаға шығып, қамыс арасынан көзден ғайып болды. Мейлі, бұйырмаған болар деп кейін қайттым. Сөйтсем арада өткен 2-3 күннен соң әлгі ала үйрегім келіп тұр, – деп күлді Жаңабай аға.
Қазір үйректер көлге барып, одан кепеге келіп үйрене бастаған. Тауықтар да бір мезгіл тысқа шығып тынысын ашып алады. Ал көлде өскен балықтар балықшының қармағы мен ауына еркін түседі. Осылай көл мен жиекте еткен тіршілік үзіліссіз қайнап жатыр. «Келесі келерде ертерек айтыңдар. Балық аулап, одан сорпа қайнатып беремін» деген Жаңабай аға бізді жадырап шығарып салды. Көлдегі кәсіпті көріп, керемет көріністің куәсі болған біз де қолымызды бұлғай кете бардық.
Айнұр ӘЛИ
суреттер автордікі

25 қыркүйек 2021 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031