Озат бригадир
"Табыстың басты кілті – еңбек" дейді дана халқымыз. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін жанның бірі – Әлімжан Пусурманов.
Ол "Достық жер МК" шаруашылығында 6 егіс бригадасы жұмыс істесе, соның біріне Әлімжан басшылық етеді.
– Біздің бригадада 30 адам еңбек етеді. Еңбеккерлерден басты талап ететінім – тәртіп, жұмысқа деген жауапкершілік.
Тынымсыз тірлік еткеннің мерейі қашанда үстем. Әлімжанның еселі еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Былтыр ол озат бригада жетекшісі аталып, "Нива" автокөлігін иеленген еді. Ал биыл аудан әкімінен ІІ дәрежелі дипломын алды. Сонымен қатар 2 500 000 теңге сыйақыны қанжығасына байлады.
— Ауыл халқының басты ұстанымы – тазалық пен тәртіп. Шаруашылық төрағасының демеушілігімен жыл сайын ауыл көркейіп келеді. Еңбеккерлердің жағдайы жақсы. Айлық ақысы да уақытылы, тұрақты беріліп тұрады, – дейді ол.
Әлімжан жары Әлиямен бірге екі ұлды тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Абылайхан 3-сынып оқыса, кенже ұлы Әлихан мектепалды даярлық тобында.
"Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады" дейді. Ал жеке адамның өмірі¬нің алтын арқауы осы маңдай тер, табан ақы, адал еңбекпен өріледі. Тек еңбекпен ғана жеміс өнеді, тек еңбек қана бар қиын¬дық¬ты жеңеді. Ала жаздай аптап ыстықтың астында егістің басында жүрудің өзі бітпейтін бейнеттің бір көрінісі емес пе?!
Ақнұр САҒЫНТАЙ