» » Білімді ұрпақ – болашақ кепілі

Білімді ұрпақ – болашақ кепілі

Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен өткенін жалғастыратын алтын көпір, асыл мұрасы. Балалық шақ – әр адамның есте қалатын қызықты сәттері.
Алғашқы қоңырау да соғылып, балалар қаз-қаз басып балабақшаға қадам басты. Осы мерекеге орай Ақтөбе ауылындағы №16 «Перизат» балабақшасында «Ботақан» тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ – болашақ айнасы» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік шараның мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, Отанды, туған жерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Ертеңгілікке ауыл әкімі Орынбек Мұнарбаев, ауыл ақсақалы Тұрғанбек Іздібаев, еңбек ардагерлері Шәркүл Наурызова, Бекзада Ниязова мен ата-аналар қатысты. Шара барысында ауыл әкімі О.Мұнарбаев пен балабақша басшысы Сәулекүл Жабаева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, балалар үш тілде сөйлеп, Отан, туған жер, балалық шақ, білім жайлы тақпақтар айтып, ән мен биден шашу шашты. Ертеңгілікке келген қонақтар балалар өнеріне тәнті болды. Мерекелік ертеңгілік соңында ауыл ақсақалы Т.Іздібаев балаларға ақ батасын берді.
Малика АХМЕТОВА,
«Перизат» балабақшасының тәрбиешісі.
11 қыркүйек 2018 ж. 2 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728