» » Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар - бұл тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи тектес қоспалар. Биологиялық белсенді қоспа дәрілік заттарға ұқсайды: олар капсулалар, таблеткалар, тұнбалар, ұнтақтар және т.б түрінде болуы мүмкін.
Биологиялық активті қосылыстар (БАҚ) - адамның немесе жануардың организмінде жүріп жатқан биологиялық процесстерге катысатын заттар болып табылады. Олар біріншілік (витамиздер, майлар, көмірсулар, ақуыздар) және екіншілік (алколоид, гликозид, дубильді заттар) биосинтез өнімдері болуы мүмкін.
Өсімдікте бірнеше биологиялык активті заттар болуы мүмкін. Бірақ терапевтикалық және профилактикалық активтілікке біреуі немесе бірнешесі ие болуы мүмкін. Оларды белсенді әрекет етуші заттар деп атайды және дәрілік препараттар синтезінде қолданады.
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау кезінде қандай ақпараттарға мән беру қажет: 1) сауда атауы; 2) құрамға енгізілген белсенді компоненттер туралы ақпарат; 3) қолданудың негізгі көрсеткіштері; 4) енгізу тәсілі және дозасы; 5) жанама әсерлер; 6) қарсы көрсетілімдер; 7) балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезіндегі арнайы нұсқаулықтар; 8) пайдалану бойынша нақты және түсінікті ұсыныс; 9) өндірушінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауы, мекенжайы; 10) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күніне аса мән беру қажет.
Биологиялық белсенді қоспаларды қандай жағдайда сатуға жол берілмейді: тиісті жағдайлар болмаған кезде; заттаңбасыз, сондай-ақ заттаңбадағы мәліметтер мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда; Кеден одағының «Тамақ өнімі оның таңбалануы бөлігінде» (TО TР 022/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қолданылатын заттаңба туралы ақпарат болмаған жағдайда сатуға жол берілмейді.
Жеке заттардың, көбінесе токсиканттардың митоболизімін өзгерту;
* Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына организмі мамандандырылмаған резстехитілігін жоғарлату;
* Денсаулығын жоғарылтумен, ауруға шалдығуын төмендетумен, адам өмірін ұзартумен адам ағзасы және жеке органдарының қызметтерін реттейтін медикаменттерін алуға көмектеседі.
Бірақ олар дәрілік құрал болып табылмайды, олар ағзаға жетіспейтін дәрумендер мен миниралдың орнын толықтыру үшін қолданылады, сондықтан оған аса үміт артып, барлық емнен жазыламын деп үміт арту қате түсінік. Сондықтан Денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпағаның абзал.
А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының орынбасары 
10 ақпан 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10378)

08 ақпан 2025 ж.

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728