» » Диетолог жаңғақтың зияны жайлы айтты

Диетолог жаңғақтың зияны жайлы айтты

Диетолог Артем Леоновтың айтуынша, грек жаңғақтары, миндаль, кешью және пісте энергия толтырып, қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Дегенмен оларды дұрыс тұтынбаса, ағзаға кері әсерін де тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жаңғақ
Маманның айтуынша, жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы макро және микроэлементтер, жасұнық пен ақуыз және өзге заттар бар. 
"Жаңғақ құрамындағы барлық пайдалы заттар белсенді емес күйде болады. Табиғи консервантпен шектеліп, ағзаға еш пайдасын тигізбейді. Су табиғи консерванттарды жоя алады, бұл – табиғи процесс. Егер жаңғақты 6-8 сағатқа суға салып қойса, құрамындағы микро және макроэлементтер белсенді күйге ауысып, ағзаға пайдасын тигізеді", - деді ол. 
Бұған дейін америкалық диетолог Лорен Манакер грек жаңғақтарында майлы қышқылдар, антиоксиданттар мен жасұнықтың көп мөлшерде болатынын айтқан. Алайда оны тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа зиянын тигізуі де мүмкін екен. Диетолог жаңғақтың түрлі тағамдарда қосымша толықтырғыш және жақсы тіскебасар бола алатынын айтады. Алайда оның бойындағы фитин қышқылының кесірінен ағзада темір дұрыс түзілмейді дейді.  
01 қараша 2021 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930