» » Жеміс, көкөністер мен шырын өнімінің қауіпсіздігін білесіз бе?

Жеміс, көкөністер мен шырын өнімінің қауіпсіздігін білесіз бе?

   Шырын – сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің не болмаса кептірілген жемістерден және (немесе) көкөністерден жеуге жарамды бөліктеріне физикалық әсер ету жолымен алынған және оны алу тәсілінің ерекшелектеріне сәйкес атауы бірдей жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырынға тән тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық сипаттары сақталған сұйық тамақ өнімі.


   Бұл іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде танымал. Піскен жемістер мен жеуге жарамды көкөністердің жемістерінен алынған ең көп таралған шырындар. Әр шырынның тек қана өзіне тән жеке дәмге иеемес, сондай-ақ, пайдалы заттардың өзіндік жиынтығынан құралғандықтан мұны шырынның басты профилі деп те атауға да болады. Сонымен қатар шырындардан адам 13 минералды заттар мен 8 витаминдерді ала алады.Балалар тамағына арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынатын шырын өнімін өндіру кезінде концентрацияланған диффузиялық шырынның гендік түрленген (генно-инженерлік, трансгендік) организмдерді (бұдан әрі - ГТО) құрайтын жемістерді және (немесе) көкөністерді қолдануға, сондай-ақ, құрауыштарды және құрамында ГТО бар тамақ қоспаларын, тәттілеуіштерді (қант диабеті мен ауыратын балалар үшін жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімінен басқа) , хош иістендіргіштерді (табиғидан басқа) және басқа құрауыштар мен тамақ қоспаларын қосу рұқсат етілмейді. Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өніміне хош иістендіргіштерді, бояғыштарды және бояйтын сығындыларды қосуға рұқсат етілмейді. Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі 0,35 литрден артық емес орауыштарда айналым шығарылуға тиіс. Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған байытылған шырын өнімін өндіру кезінде тамақ және (немесе) биологиялық заттар ретінде тамақ өнер кәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген витаминдерді, витамин тәрізді заттарды, каротиноидтарды, минералды заттарды, органикалық қышқылдарды, тамақ талшықтарын, поли не қаныққан май қышқылдарын, поли сахаридтерді, полифенольды қышқылдарды, пребиотиктерді, фитостериналарды, флавонидтарды, фосфолипидтерді қолдану мүмкін. Тамақ және (немесе) биологиялық белсенді заттар көздері өсімдік сығындыларын тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген дәндердің, бұршақ өсімдіктерінің, жаңғақтардың, басқаларының сығындылары болуы мүмкін. Бір және сол шырынға қантты және (немесе) қанттарды және қышқылдықты реттегіштерді бір уақытта қосуға тыйым салынады.Тұтынушы орауышына орналастырылған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалау оны таңбалау бөлігіндегі тамақ өніміне арналған Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және осы баппен белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.













18 ақпан 2020 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031