СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ – ҮЗДІКСІЗ ПРОЦЕСС
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Жылдағы әдетімен аудандық сот өткен жылдың 12 айын қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді. Аудандық сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда былтыр 67 адамға қатысты 60 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 51 адамға қатысты 49 іс бойынша үкім шығарылған. 10 адамға қатысты 9 іс тоқтатылған, 1 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 іс прокуратураға кері қайтарылған, 4 жекеше қаулы қабылданған.
Былтыр 12 айда сотқа 879 азаматтық іс түскен. Барлығы 686 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 89 іс бойынша сот бұйрығы, 436 шешім қабылданып, 188 іс өндірістен тоқтатылған. 58 іс қараусыз қалдырылған және 27 іс соттылығы бойынша жолданған. 6 жеке ұйғарым қабылданған.
Сондай-ақ 2024 жылдың 12 айында соттың өндірісіне 621 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен. Түскен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің ішінде 29-ы біріктіріліп, 577 адамға қатысты 577 іс қаралған. 441 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 126 адамға қатысты тоқтатылған. 30 жекеше қаулы қабылданған.
Барлығы татуласу тәртібімен 178 азаматтық іс, 44 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс, 8 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Істер 100% аудио-бейне жазба арқылы қаралған.
Есепті мерзімде әкімшілік құқықбұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100%-ы электронды нұсқада түсіп қаралған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы Қ.Мыханов сот жүйесі төңірегінде туындаған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізу әрі қарай жетіле түсетінін айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ