» » Медиацияның мүмкіндігі мол

Медиацияның мүмкіндігі мол

Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі. Заң дау-дамайлардың тиімді шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірінде бір-біріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, өзара кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз.
«Медиация туралы» Заңның қолданылуы даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
«Медиация туралы» заңның қабылдануына байланыс ты азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық салаларда дауласқан тараптарды татуластыруға, бітімгершілік келісімге келтіруге бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Бұл шаралардың түпкі мақсаты басқалардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен тұлғалардың материалдық және моральдық мүдделерін қорғап, оларға келген зиянның орнын «қағаз» жүзінде емес, нақты түрде толтыру, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қайтадан қалпына келтіру.
Қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт ке лісімге қол жеткізу – медиацияның басты мақсаты. Тараптар үшін дауларды медиация жолымен шешу өте тиімді. Оның тиімділігі сол – сотқа өтініш беру барысында мемлекетке төленетін баж салығы толығымен кері қайтарылады. Сондайақ тараптар медиативтік келісімді талқылау барысында шағым талабынан ауытқып, соттың көмегімен дауға қатысы бар, бірақ іске кірістірілмеген өзге де жауапты тұлғаларды шақырта алады.
Мысалға неке бұзу туралы талап қою арыздары түскенде, келісім рәсімінде судьяның мақсаты – даудың себебін анықтау, ұрыстың басы неден басталғанын айқындау, татуластыру амалын табу.
Әртүрлі себептермен неке бұзу туралы талап арыздар беріледі. Татуластыру рәсімінде тараптардың ішіндегісін шығаруына мүмкіндік беріледі. Екі жақтың мәселелерін анық тау үшін сұрақтар қойылып, олардың ашылуына, мәселенің оң шешілуіне ықпал етіліп, отбасын сақтау үшін сұрақтар мен жауаптарды таразылығанда, ерлі-зайыптылардың көбісі отбасыларын сақтауға тырысқысы келетіндерін білдіріп, бір-біріне өкпелерін ашық айтып, болған кемшіліктеріне кешірім сұрап, ажыраспауға бір мүмкіндік беруді сұрайды.
Кез келген дауды бітімгершілік жолмен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бұл халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігі деп түсінгеніміз абзал.
Қорытындылай келе, татуласу – дауды шешудің оңтайлы тәсілі. Бұған екі тарап та өз еркімен келеді. Сәйкесінше олар өз құқықтарының қалпына келгеніне көздері жетіп, соттың актісімен келіседі немесе некені бұзу туралы талап қою арызын талап қоюшы қайтаруды сұрап, соттың ұйғарымымен арыз қайтарылады немесе қараусыз қалдырылады.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың судьясы
23 қаңтар 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031