Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы
![](/uploads/posts/2022-04/1649329056_mediaciya.jpg)
Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде.
Дауды шешу барысында тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысы өзара ынтымақтастық орнатылып жүргізіледі. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдаса, медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында шешім қабылдайды. Сот – жария үдерісті, ал медиация құпиялықты қамтамасыз етеді. Мәлім болған ақпаратты ұсынған тараптардың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.
Кез келген дауды бітімгершілік жолмен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бұл халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігі деп түсінгеніміз абзал.
Қанат ЕСХАНОВ,
аудандық соттың бас маманы