» » Медиация – дауларды шешудің жаңа балама тәсілі

Медиация – дауларды шешудің жаңа балама тәсілі

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28- каңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді. Өкінішке орай, медиация рәсімі арқылы дауларды шешудің жаңа балама тәсілі туралы барлығы біле бермейді. Алайда мұндай тәсілдің бар екенін білетіндердің өзі құқықтарын сотта қорғауды жөн көреді. Себебі, біздің азаматтарымыз өз менталитетіне байланысты медиацияны орынды тәсіл ретінде қабылдай алмайды. Сот органдары және өзге де органдар  «Медиация туралы» Заңын халық арасында насихаттау барысында айтарлықтай жұмыс жүргізіп жатыр, бірақ медиаторлар да өз тараптарынан адамдарды қызықтыра білуі тиіс.
         Медиация – бұл адамның құқығына, бостандығына және өзіне деген құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және парасатты қарым-қатынастарды қалыптастыруға, әлеуметтік және өзге де дауларды шешуге қоғам санасын нығайтута багытталған әмбебап құқықтық құрал.
Медиация – тараптардың epiктi кeлісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардын өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсінген абзал. Ол екі жактың epiктілік, құпиялык, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашып, дауды шешудегі медиацияның eкі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңнын қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандыгының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.
Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжipибeciн калпына келтіруге жасалған игі қадамдарының бipi, халыққа оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
А.Елкенов
Қармақшы аудандық сотының
                                                                  жетекші маманы                             
30 маусым 2021 ж. 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 180
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031