» » Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы

Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы

Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі. Заң дау-дамайлардың тиімді шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірінде бір-біріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, өзара кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Медиация заңының біздің қоғамға әкелетін тиімді әсері көп. Теориялық тұрғыдан дұрыс түсініспеушілік туындағанымен, практикалық қолданыста жақсы жағынан әсер ететіне сенімім мол.  Жалпы айтқанда медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.
Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде.
Дауды шешу барысында тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысы өзара ынтымақтастық орнатылып жүргізіледі. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдаса, медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында шешім қабылдайды. Сот – жария үдерісті, ал медиация құпиялықты қамтамасыз етеді. Мәлім болған ақпаратты ұсынған тараптардың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.
Кез келген дауды бітімгершілік жолмен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін,  тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бұл халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігі деп  түсінгеніміз абзал.
Р.Бисенова,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы.
27 қыркүйек 2022 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930