» » Медиация сот жүктемесін азайтады

Медиация сот жүктемесін азайтады

Дауды шешудің ең тиімді әдістерінің бірі – медиация. Бүгінгі таңда бұл рәсім еліміздің сот жүйесін дамытудағы басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл тәсіл ең алдымен судьялардың жүктемесін азайтты.
Заң даудың тиімді шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірінде бір-біріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, өзара кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бұл адамның құқығына, бостандығына, өзіне деген құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және парасатты қарым-қатынастарды қалыптастыруға, әлеуметтік және өзге де дауларды шешуге қоғам санасын нығайтуға бағытталған әмбебап құқықтық құрал.
Медиация – тараптардың epiктi кeлісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, яғни үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен даужанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсінген абзал. Ол екі жақтың epiктілік, құпиялық, тең құқығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашып, дауды шешудегі медиацияның eкі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.
Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжipибeciн қалпына келтіруге жасалған игі қадамдарының бipi, халыққа оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
Г.АБУОВА,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы
18 шілде 2024 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930