» » ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАМ ЖАСАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАМ ЖАСАЛДЫ

Қыс айында су тасқынының алдын алу үшін жылда қауіпсіздік шаралары қолға алынып, қарқынды жұмыстар жүргізіледі. Себебі өзен мен су тоспаларында мұз ұстасып, көктемде сең жүру басталады. Салдарынан елді мекендерді су басу қаупі орын алуы әбден мүмкін.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар тиісті сала қызметкерлерімен бірге су тасқынының алдын алу мақсатында «Қараөзек» арнасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. «Қожатай» су тоспасы арқылы «Жұмағұл» каналымен «Қаракөл» көліне су жеткізу және жоғарыдан келген суды тиімді пайдалану мәселесі бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жауапты мамандарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бақылауды күшейтуді жүктеді.
Осы орайда, барша аудан тұрғындары мен «Сырдария» өзені және «Қараөзек» арнасы бойында мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қыс-көктем мезгілдерінде су тасқыны қаупі кезінде жайылымдағы ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін ескертеді.
«ҚТ» ақпарат
15 қаңтар 2025 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031