» » Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттеріне мониторинг жүргізілді

Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттеріне мониторинг жүргізілді


Аудан әкімінің тапсырмасымен, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Айдын Серікұлы, «Кармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Ұзақов Шохан Әмірханұлы, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Бисембаев Дәуіржан Шыназбекұлы және тиісті сала қызметкерлері аудан аумағынан өтетін Сырдария өзенінің жағдайымен танысып, алдағы қыс-көктем мезгілдерінде ықтимал су тасқынының алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды талқылап, қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қауіпті аймақтарда орналасқан Жосалы кенті, Жаңажол, Қармақшы, Иіркөл ауылдық округі әкімдеріне су тасқынына қарсы бірінші кезекте пайдаланылатын инертті материалдар қорын толықтыру жөнінде және Сырдария өзені мен Қараөзек арнасының бойында мал шаруашылығымен айналысып отырған аудан тұрғындарына су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

17 қараша 2024 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031