» » Өсімдіктер шайқасы

Өсімдіктер шайқасы


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, жап-жазық кең далада түрлі өсімдіктер өсіпті. Олар өте тату болыпты. Бір суды, бір ауаны, бір азықты теңдей бөліп, жаздай жайқалып, өмірлеріне разы екен. Бір күні  адамзат сол өсімдіктердің қасына оларға таныс емес басқаша өсімдіктерді өсіре бастайды. Жаңа өсімдіктер тез бой түзеп, бастарын көтеріп, жан-жағына қарай бастайды. Олар қасындағы өсімдіктерге менсінбеушілікпен қарап, сол жердің шырқын бұзады. Ал, адамдар болса ол өсімдіктерді әспеттеп бағып-қағады. Тіпті қасында өсіп тұрған өсімдіктерді аяқтарымен таптап, кейде жұлып-жұлып тастайды. Бұл әрекеттерге ызыланған өсімдіктер жаңа өсімдіктерді зерттей бастайды. Зерттей келе бұл өсімдіктің анаша екенін біледі. Сол кезде өсімдіктердің бірі жусан:
  • Эй, адамзаттың қасіретіне айналған өсімдік сен екенсің ғой! Жас баланы жастайынан есінен айырған, түзу жолдан таюға азғырған, отбасынан теріс айналдырып, бейшараның күнін кештірген, арманы мен мақсатын күл қылып, тек өзіңе тәуелді еткен азғынның өзі екенсің ғой. Сені осы жерге егіп бастағанда ақ көңілім жәй таппаған еді. Адамзатқа бір пайдаң жоқ, несіне паңданасың осы?
  • Сен кімсің өзі?
  • Мен осы жердің дәрілік шөбімін. Адамға пайдам зор. Мен малға құнарлы азықпын, адамның еміне шипа дәрімін, бойым дәруменге толы майлы өсімдікпін. Мен адамның өт жолдарына, асқазан мен тері ауруларына еммін. Мені бүкіл әлем біліп, құрметтейді. Қазіргі таңда мені қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі ретінде қолдануда.
  • Ал, мен, адыраспанмын. Мен де ең пайдалы өсімдікпін. Дәрігерлер мені адамдардың жүрек қағысын тұрақтандыруға, туберкулез қоздырғыштарына қарсы тиімді күресуге пайдаланады. Сондай-ақ сал ауруы мен Паркинсон ауруын емдеуге қолданады. Демікпені емдеуде де оң әсерін береді. Тұнбамды суық тигенде пайдаланып, ауыз шаюға болады. Буыны ауыратын адамдар мені қайнатып, ауырған мүшені булайды. Мен киелі шөппін. Ата-бабамыздан бері үйді бәле-жәледен, ауру-сырқаудан аулақ қылу үшін менімен аластайды. Біздің пайдамыз орасан зор. Сенің қандай пайдаң бар? Сенің еш пайдаң жоқ. Сен тек адамзатқа кесіріңді тигізесің. Олардың өмірінің ойран-топанын шығарасың. Қаншама жасаған күнәләріңді адамзаттың алдында ақтай аласың ба?
  • Мен неге ақталуым керек, адыраспан-ау. Мен сендер сияқты өздігіммен шықпаймын. Мені өсірген, сенің жаның ашып отырған адамзат. Адамдар мені баптап, бар жағдайымды жасап отыр. Таза ауа деймін бе, құнарлы топырақ деймін бе, су деймін бе барлығы алдымда. Мен тіпті сендер сияқты жәйдан-жәй ешкімнің қолына да түспеймін. Мені қолына алу үшін,  құнымды төлеу керек. Құнымды төлемесе, жаны қиналып, мені аңсаумен күндері өтеді. Осыны біле тұра мен неге паңданбаймын? Мені осындай бағалы қылып отырған кезде. Сендер жайлы естідім. Бірақ, бұл адамзатты түсіну қиын. Ақшасы бар бай адамдар есінен адасып, есіргеннен пайдаланады, кедей болса өз өміріне налып, тығырықтан шығар жалғыз жол осы деп пайдаланады, кейбіреуі айлакердің арбауына түсіп қалады. Бүкіл әлем есірткі ғасыр дерті деп дабыл қақса да, естімейтін құлақ естімейді екен. Мен бос кінәләйсіңдар. Адам өз өзін кінәләмаса ештеңе өзгермейді, – деді анаша. 
  • Жусан мен адыраспан күрсінді де қалды.
Дана МАДИЕВА,
С.Есқараев атындағы
№27 орта мектебінің
4-сынып оқушысы
14 қаңтар 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 286
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031