» » Колумбияда жыртқыш өсімдіктер көрмесі өтуде

Колумбияда жыртқыш өсімдіктер көрмесі өтуде

Колумбияда жыртқыш өсімдіктер көрмесі өтуде
Колумбия астанасы Богота қаласында жәндікқоректі өсімдіктер көрмесі өтіп жатыр.
Келушілердің назарына 500-ден астам жыртқыш өсімдік түрі ұсынылған. Ішіндегі ең танымалы – шыбынұстағыш енерина. Көрме нұсқаушылары осы өсімдік түрін шыбын-шіркеймен қоректендіріп, қонақтарды таңдай қақтырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көп адам «жыртқыш өсімдіктер зиянды» деген оймен оларға жақындауға қауіптенеді. Бірақ кейін бой үйреткен соң, пікірлерін өзгертетін көрінеді. «Негізі жыртқыш өсімдіктер көп күтімді қажет етпейді», – дейді мамандар. Олар жәндіктермен қоректеніп, құнарсыз топырақта да өмір сүре береді.
Соня Амескита, биолог:
– Біреулер бұл өсімдіктер адам жейді деп ойлайды. Тіпті кейбіреулер көрмеге келгенде, оларға жақындауға жүрексінеді. Бірақ кейін адамға зияны тимейтініне көз жеткізеді.
22 шілде 2018 ж. 2 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 029
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 254

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031