» » Ауылда пальма ағашы өседі

Ауылда пальма ағашы өседі

Маңғыстау ауданындағы Сай-Өтес орта мектебіндегі жылыжайда 74 түрлі тропикалық өсімдік өседі. Күн райы – 15 градус көрсетіп тұрса да, жылыжай өзіндік температурасын сақтайды.

– Маңғыстауда өспейтін тропикалық өсімдіктердің түр-түрі осы жылыжайдан кездеседі. Бұлардың пайдасы лас ауаны сорып, оттегі бөліп шығарады. Мұндағы тәтті болгар бұрышын да, ерекше гүлдерді де, тропикалық елде өсетін пальма ағашын Маңғыстаудан көрудің өзі бір ғанибет. Өсімдіктерді баптап, күтім жасауға, шәкірттеріне құнды ақпарат беріп, құпиясын ашуға тәрбиелеген мектеп ұстаздарының еңбегі ерен. Түрлі гүлдерді өсіру арқылы ауыл балаларының экология мәдениетін қалыптастыруға тигізер септігі мол, – деді Сай-Өтес орта мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлсім Нәдірова.

Ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктерді 2007 жылдан бері мектеп қызметкері күтіп-баптап келеді. Жылыжайда өсетін 74 түрлі өсімдік тамшылата суару әдісі арқылы суарылады. Оқушылар жылыжай ішіне ғылыми жұмыстар жүргізеді. Айта кетейік, карантинге дейін мұнда өскен қияр мен тәтті болгар бұрышын асханада оқушыларға берілетін тағамдарға пайдаланған.

01 қазан 2020 ж. 1 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930