» » КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ - ТӘУЕЛСІЗ

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ - ТӘУЕЛСІЗ

Қазақстанда тәуелсіз кассациялық сот құрылады аталған өзгерістердегі басты жаңалық келер жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассация сот жүйесініңдегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз функциясын атқарып келеді.
Алайда аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкіндік болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайтын.
Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын.
Атап айтқанда қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша; сот талқылауы барысында шығарылған, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша және тергеу судьясы шығарған сот актілері кассациялық тәртіпте қарауға жатпайтын.
Әрине мұндай шектеулер азаматтардың қонституциялық құқықтарын қолдануға өз кедергісін келтірді. Себебі, әркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп Ата Заңымызда анық жазылған-ды.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер негізінде кассациялық соттар дербес сот сатысын құру арқылы мұндай мәселені түпкілікті шешуге жол ашылмақ.
Былтыр ғана мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кез­десуде дербес кассациялық сатыны құру мәселесіне атап өткен болатын. Бұл мәселенің өзі кәсіпкерлердің, заң қоғамдастығының, түрлі сала мамандарының ұсыныс-тілегінің негізде көтерілгені белгілі.
Оның негізгі мақсаты – барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын толық жүзеге асуына мүмкіндік жасау.
Өзгеріске сай кассациялық соттар өңіраралық сот мәртебесімен құрады.
Сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Сонымен қатар сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды.
Келер жылдан бастапқылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апеллциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.
Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауын, алдын ала қараудың болмауын, 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгілеуін, істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады.
Осы орайда жаңашылдық дамыған шет мемлекеттерде тиімді қолданылып келе жатқандығын атап өткенжөн.
 Д.Асылбекова,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы

20 желтоқсан 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031